Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 330 57 77

              

   АО «Altyn Bank» (ДБ China CITIC Bank Corporation Limited), бұрынғы - «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ, Қазақстанның банктік нарығында 1998 жылдан бастап бар, корпоративтік және жеке тұтынушыларға арналған өнімдер мен қызметтердің түр-түрі бар әмбебап коммерциялық банк болып табылады. «Altyn Bank» АҚ-ның 4 бөлімшесі бар: Алматыда, Астанада, Атырау мен Ақтауда және Алматыда 2 қосымша бөлімшелері бар.

   2018 жылғы 18 мамырда Fitch Ratings (бұдан әрі – «Fitch») халықаралық рейтингтік агенттігі «Altyn Bank» АҚ-ның («Қазақстан Халық Банкі» АҚ Еншілес банкі) (бұдан әрі – «Altyn Bank») шетел және ұлттық валютадағы эмитент (бұдан әрі – «ЭДР») дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BB» деңгейінен «ВBB-» деңгейіне дейін жоғарылатуы туралы хабарлады және Rating Watch «Жағымды» тізімінен рейтингтерді шегерді. Ұзақ мерзімді ЭДР бойынша болжамы – «Тұрақты».

   Аталмыш рейтингтік әрекет China CITIC Bank Corporation Limited («BBB»/«Тұрақты» болжамы) және Shuangwei Investment Co., Ltd тарапынан Altyn Bank-тағы 60-пайыздық үлесті сатып алудан кейін болды.

   Бұдан бұрын, 2018 жылғы 24 сәуір күні «Қазақстан Халық Банкі» АҚ капиталдағы 60% үлесті шетел инвесторларына сатуға байланысты келісімді аяқтады: China CITIC Bank Corporation Limited акциялардың 50,1%-ын және China Shuangwei Investment Co., Ltd. – акциялардың 9,9%-ын сатып алды, бұл үлестер бұдан бұрын «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на тиесілі болған, сонымен бірге «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның үлесі 40% құрайды.