Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 330 57 77

Валютаны сатып алуға немесе сатуға форвардтық келісім-шарттар

Валюталық форвард – бұл келешекте белгіленген күні валютаның белгілі бір сомасын басқа валютаға алдын ала ескерілген бағаммен сатып алуға немесе сатуға орындалуы міндетті болатын келісім. Келешектегі ақша ағындарын дәлірек жоспарлау мақсатында валюталық түсімнің айырбастау бағамын немесе келешекте күтілетін шығындарды тиянақтау үшін пайдаланылады.

Форвардтық бағам мәміленің және валюталар арасындағы ағымдағы спот бағамының мәні болып табылатын сол валюталар бойынша пайыздық мөлшерлемелер айырмасына тәуелді болады.

Негізгі артықшылықтар:

  • Келісім-шарттың қарапайым және икемді талаптары
  • Мәмілені жасаған кезде комиссиялар жоқ
  • Валюта бағамының жағымсыз өзгерісінен қорғауды қамтамасыз етеді

Жеткізілімсіз валюталық форвард

Жеткізілімсіз валюталық форвард – бұл келешекте белгіленген күні валютаның белгілі бір сомасын басқа валютаға алдын ала ескерілген бағаммен сатып алуға немесе сатуға орындалуы міндетті болатын келісім, бұл ретте есеп айырысу/жеткізілім тек қана келісім-шарт аяқталған сәтте форвардтық бағам мен нарықтық бағам арасындағы айырмашылыққа  жүргізіледі. Қысқа мерзімдік келісім-шарттарды ұзақ мерзімді валюталық жайғасымдарды бағамның жағымсыз өзгерісінен қорғау үшін пайдалану мүмкіндігін береді.

Негізгі артықшылықтар:

  • Келісім-шарттың барлық сомасына валютаны жеткізудің қажеттілігі жоқ
  • Икемді шарттар
  • Келісім-шартты жасаған кезде комиссиялар жоқ
  • Ұзақ мерзімді жайғасымдарды қысқа мерзімдік келісім-шарттар арқылы хеджирлеу мүмкіндігі
  • Валюталық тәуекелдерді хеджирлеу үшін тиімдірек мерзімдер мен бағамдарды таңдау мүмкіндігі