Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 355 13 33

Осы сайт туралы жалпы ақпарат

Осы сайтта ұсынылған ақпараттар «Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ) (ары қарай – «Банк» немесе «Altyn Bank») түсінігіндегі заңнамалар мен оны жариялаған сәтте қолдану тәжірибесіне негізделген. Заңнамадағы, салық пен қолдану тәжірибесінде болатын өзгерістер сайт мазмұнына әсер етуі мүмкін.

Бұл ақпаратты кәсіби кеңес ретінде қабылдап, оған сол мағынада сүйенбеген жөн. Бұл парақтарға кірген тұлғаларға сәйкес кәсіби кеңестерді құзырлы мамандардан алуға кеңес береміз. Кейбір жағдайларда осы веб-сайтта жарияланған ақпараттар басқа дереккөздерден алынған және Altyn Bank пен оның бөлімшелері барлық ақпараттардың нақты болуын қамтамасыз етуге күш салғанымен, олар осы ақпараттардың дәлдігіне қандай да бір кепілдік бермейді және жіберілген қателіктерге жауап бермейді. Осы парақтарға кірген тұлғаларға заңға қатысты, бухгалтерлік, салық немесе инвестициялық сұрақтарға қатысты кеңестерді құзырлы мамандардан алуға кеңес береміз.

Осы веб-сайтта ұсынылған ақпараттар қандай да бір құнды қағаздарды, қаржылық құралдарды немесе қызметтерді сатуға немесе оны сатып алуға не қол қоюға шақырған оферта болып табылмайды және оферта ретінде қарастырылмауы керек. Ақпараттар біз сенімді деп санаған бірақ тәуелсіз тексеруге алмаған дереккөздерден алынған; біз осы ақпараттардың нақтылығына немесе толықтығына қандай да бір бекіту мен кепілдік бермейміз және жауап бермейміз.

Altyn Bank, оның үлескер тұлғалары және/немесе оның лауазымды тұлғалары, директорлары мен қызметкерлері құнды қағаздарға иелік ете алады немесе осы веб-сайтта аталған қандай да бір құнды қағаздар бойынша (немесе сонымен байланысты инвестициялар бойынша) шенге ие бола алады, сондай-ақ арасында көрсетілген құнды қағаздардың (немесе инвестицияның) біреуін қосымша сатып алуы немесе иелік етпеуі мүмкін. Altyn Bank пен үлескер тұлғалары құнды қағаздар нарығының белсенді қатысушысы ретінде әрекет ете алады немесе осы сайтта қарастырылған компанияның құнды қағаздары бойынша (немесе қатысты инвестициялар бойынша) шенге ие бола алады, оларды тұтынушыларға тікелей сата алады және олардан тікелей сатып ала алады, сонымен қатар инвестициялық-банктік қызметтерді немесе осы компанияларға арналған не оларға қатысты андеррайтинг қызметтерін көрсете алады немесе ниеттене алады.

Біздің өнімдеріміз бен қызметтеріміз туралы толығырақ ақпараттарды төмендегі мекен-жай бойынша Банк кеңсесінен алуға болады: «Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның ЕБ) ҚР, Алматы қ-сы, A05A1B9, Абай д-лы, 109 «В».

Бұл сайт біз тарататын ақпаратты шектейтін құзіретті уәкіл болып табылатын немесе сондай құзіреттегі тұлғаларға арналмаған. Осы парақтарға кірген тұлғаларға сәйкес шектеулер туралы мәлімет алу керек және сол шектеулерді сақтауы керек.

Сайт шарттары

Осы веб-сайтты («Сайт») қолданбас бұрын төменде көрсетілген ақпараттармен танысуларыңызды сұраймыз. Сайтқа кіре отырып, Сіз келесі шарттар мен ескертулерді («Шарттар») сақтауға міндеттелесіз.

«Сіз», «Сіздің» және «Сізді» деген сілтеулер Сайтқа кірген тұлғаға (тұлғаларға) меңзейтін сілтеулер болып табылады. «Біз», «бізді» немесе «біздің» сілтемелері Altyn Bank-ті меңзейтін сілтеулер.

Шарттар

Біздің өнімдер мен қызметтеріміз сәйкес келісімде жазылған шарттар мен ескертулермен реттеледі, соның негізінде осындай өнімдер мен қызметтер көрсетіледі.

Бұл Шарттар Сайт беттерінде жазылған басқа да шарттар мен ескертулермен бірге қарастырылуы керек. Қандай да бір ерекшелік болған жағдайда Сайт беттерінде жарияланған шарттар мен ескертулердің осы Шарттарға қарағанда айтарлықтай басымдылығы бар.

Осы Сайттағы ақпараттар, материалдар мен парақтардың мазмұны кез-келген уақытта ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Бұл Шарттар кез-келген уақытта ескертусіз осы мәтінді жаңарту арқылы өзгеруі мүмкін. Сіз Шарттарды тұрақты түрде қарап отыруға келісім бересіз, сонымен қатар осы Сайтты ары қарай қолданғаныңыз, кез-келген өзгертулермен келісетініңізді білдіреді. 

Оферта жоқ

Сайттағы ақпараттар да, қандай да бір пікірлер де қандай да бір құнды қағаздарды, қаржылық құралдар мен қызметтерді сатуға немесе сатып алуға келісім шасауға шақыратын оферта болып табылмайды, сонымен қатар осындай құнды қағаздарға, басқа да қаржылық құралдар мен қызметтерге қатысты кеңес немесе ұсыныс болып табылмайды.

Тұтынушылар

Қазіргі уақытта Сайт Қазақстан Республикасының территориясынан кіретін тұлғаларға арналған. Осыған байланысты біз осы Сайт немесе ондағы ақпараттар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолдануға жарайды немесе сәйкес келеді деп кепілдік бере алмаймыз.

Сіз компьютеріңізді қолданған қандай да бір тұлғаның Сайтқа кіруіне толықтай жауап бересіз және сол тұлғаның осы Шарттарды орындауын қамтамасыз етуіңіз керек.

Кепілдік жоқ

Келесі шарттар Сайтпен байланысты біздің құқықтық жауапкершіліктерімізді жояды немесе шектейді. Солармен жақсылап танысуларыңызды сұраймыз. Көрсетілген шарттар заңда рұқсат етілген мөлшерде ғана жарамды, сонымен қатар біз Сіздің алдыңыздағы міндеттеріміз бен жауапкершіліктерімізді жоймаймыз.

Сайттағы материалдардың нақтылығына, өзектелігіне, қолжетімділігіне, дұрыстығы мен толықтығына кепілдік беру үшін ақылға қонымды шараларды қолдандық десек те, ақпарат «тура сол қалпында» және «қолжетімділігінше» ұсынылды, десек те, біз нақты да, тұспалдап та ешқандай кепілдік немесе бекіту бермейміз. Сіздің Сайтты қолданғаныңыз тек қана сіздің тәуекеліңіз. Біз Сіздің Сайт мазмұнындағы ақпараттарды қолдану нәтижесінен болған немесе соларға заң бойынша рұқсат етілген мөлшерде сүйенгеніңізден болған кез-келген шығын мен нұқсанға жауап бермейміз.

Біз Сайт Сіздің талаптарыңызға сай болады және қолжетімді болады деп, оған үздіксіз кіруге болады деп, тоқтаусыз жұмыс істейді деп, кідірістер, қателер болмайды деп, жіберілетін ақпараттарда қателіктер мен шығындар болмайды деп, вирустар мен басқа да бүлдіретін элементтер жіберілмейді деп немесе Сіздің компьютерлік жүйеңізге залал келмейді деп кепілдік бермейміз. Сіз өз тарапыңыздан ғана қажетті қорғанысты, деректердің және/немесе құрылғыңыздың қосымша көшірмесін қамтамасыз ететін, сондай-ақ компьютерлік вирустар мен бүлдіретін элементтерді анықтауға қажетті қауіпсіздік шараларын қолдануға жауаптысыз.

Сайтқа қатысты қолданылатын үшінші тұлғалардың бағдарламалық қамсыздандырудың нақты, функционалды және нәтижелі жұмысына қатысты кепілдік бермейміз.

Үшінші тұлғалардың сайттары және кепілдіктер

Егер біз басқа сайттарға немесе Интернет желісіндегі парақтарға сілтемелер берсек, біз оны тек қана ақпарат беру мақсатында ғана жасаймыз. Осы Сайттағы сілтемелер жасалған қандай да бір веб-сайттардың немесе парақтардың немесе осы Сайтқа сілтейтін сайттардың мазмұнына жауап бермейміз. Біз ондай сайттардың мазмұнын тексерген жоқпыз. Басқа веб-сайттарға немесе парақшаларға ауысқан кезде Сіз Өзіңіз тәуекел жасайсыз, және біз осы сілтемелерге қатысты орын алған қандай да бір шығындарға жауап бермейміз. Жүктеуге арналған бағдарламалық қамсыздандыруы бар сайттарға сілтемелер тек қана қолайлылық үшін жасалады және біз бағдарламалық қамсыздандырудың жүктеуіне байланысты туындаған қиындықтар мен жағдайларға жауап бермейміз. Жүктелген қандай да бір бағдарламалық қамсыздандыруды қолдану лицензиялық келісіммен реттеледі, ондай бар болса, бағдарламалық қамсыздандырумен бірге ұсынылады.

Біздің Сайтта ұсынылған ақпараттар қандай да бір үшінші тұлғаның растауын немесе мақұлдауын, кеңестерін, пікірлерін, ақпараттарын, өнімдерін немесе қызметтерін тікелей не жанамалап көрсетпейді.

Интернет арқылы жіберілетін электронды пошта

Интернет арқылы жіберілген хабарламалардың толық сақталуына кепілдік жоқ, себебі олар ұстап алынуы, жойылуы немесе өзгертілуі мүмкін. Интернет арқылы Сіздің Банкке жіберген немесе Банктің Сізге жіберген кез-келген хабарламалардың мазмұнына жауап бермейміз және Сіздің немесе басқа да тұлғалардың алдында соларға қатысты болған шығындар үшін жауап бермейміз.

Тауарлық белгілер және авторлық құқықтар

Осы Сайтта ұсынылған экрандық суреттердің, олардың құрамындағы ақпараттар мен материалдардың авторлвқ құқықтары Банкке тиесілі немесе олар лицензия бойынша қолданылады, егер басқа жағдай көрсетілмесе. Сіз жеке мәлімет үшін немесе біздің қызметтерімізді не өнімдерімізді қолдану барысында біздің Сайттағы үзінділерді басып шығара аласыз, көшіре аласыз, жүктеп немесе уақытша сақтап қоя аласыз. Қандай да бір өзгеріс енгізбеуіңіз керек. Басқа мақсаттарға біздің алдын-ала берген жазбаша рұқсатымызсыз қолдануға тыйым салынған. Сонымен қатар біздің Сайттың бір бөлігін басқа бір веб-сайтта қолдануға болмайды немесе біздің алдын-ала берген жазбаша рұқсатымызсыз басқа веб-сайтта біздің Сайтқа сілтеме жасауға тыйым салынады.

Ақпараттарды қорғау

Сіздің Сайтымызбен өзара қатынас барысында берген Сіз туралы дербес ақпараттарыңызды несиелік шешім қабылдауда қолданамыз, Сізге қызмет көрсетуде, алаяқтықтың алдын алу үшін, қарызды өндіру үшін, Сіздің қаржылық қажеттілігіңізді түсіну үшін, әрекетімізді жүзеге асыру үшін және Сізге Банктің, Халық Груп пен жеке үшінші тұлғалардың ең жақсы сападағы қызметтеріміз бен өнімдерімізді ұсыну үшін, Сайт маркетингі мен статистикалық сараптың тиімділігін бағалау үшін сақтап, өңдей аламыз. Бұл ақпараттарды біз Халық Груптың басқа компанияларына немесе олардың өкілдеріне осындай әрекеттерді орындауы үшін жібере аламыз және олар да бізге Сіз туралы өздерінде бар ақпараттарды біз де сондай әрекеттерді орындай алуымыз үшін жібере алады. Біз бұл ақпараттарды Банктен тыс жерлерде ашпаймыз, тек алаяқтық әрекеттерді болдырмау мақсатында және/немесе заңның, мелекеттік немесе сот орындарының немесе сәйкес құзыры бар біздің әркеттерімізді реттейтін орындардың немесе агенттіктердің талап етуінше немесе қосалқы мердігерлердің қатаң құпиялылықты қамтамасыз ету тәртібінің негізінде не біздің Халық Груптағы өкіліміз ретінде әрекет ететін тұлғаларға немесе Сіздің келісіміңіз бен алдын-ала ескертуіңізсіз ашпаймыз.

Банкте немесе оның қосалқы мердігерінде не өкілдерінде сақталатын бүкіл дербес ақпараттарға рұқсатсыз немесе абайсыз ашылудан, жойылудан немесе қолжетімді болудан жоғары деңгейдегі қорғаныс қамтамасыз етілген. Осы Шарттармен келісе отырып, Сіз көрсетілген ақпараттар жоғарыда аталған жолмен басқа тұлғаларға берілуіне және олардың қолдануына келісім бересіз.

Altyn Bank өз тұтынушыларының дербес беректерін жинап, өңдейді. Мұндай деректер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызмет көрсету мақсатында жинап, өңделеді.

Қолданылатын заң

Бұл Шарттар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес реттеліп, түсіндіріледі.

Банк туралы ақпарат

Банктің толық атауы:

«Altyn Bank» Акционерлік қоғамы («Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамының еншілес банкі).

Банктің орналасқан жері: «Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның ЕБ) ҚР, Алматы қ-сы, A05A1B9, Абай д-лы, 109 «В».