Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 330 57 77
Жаңалықтар

14.01.2019

Жеке тұлғалардың банк қызметтері үшін тарифтерінің өзгеруі туралы

Толығырақ >

08.01.2019

 «Altyn Bank» АҚ Басқармасына Сhina Citic Bank Corporation Ltd.  қытай акционерлерінің өкілдері кірді

Толығырақ >

28.12.2018

Altyn Bank халықаралық бірлестірілген қарыз қатысушы банкі мен ұйымдастырушысы ретінде қатысты

Толығырақ >

27.12.2018

Altyn Bank қазақстан банктерінің ішінде ең бірінші болып «Астана» Халықаралық қаржы орталығында өз бөлімшесін тіркеді

Толығырақ >

25.12.2018

Мереке күндері Altyn Bank ашылатын сағаттар

Толығырақ >

«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) «Беларусбанк» Жинақ Банкі» ААҚ-ға (Беларусь Республикасы) 151 млн. еуро мөлшерінде бірлестірілген қарыз шеңберінде төрт миллион еуро сомасына қаржы бөлген. Мәміленің уәкілетті жетекші ұйымдастырушыларының қатарында ресейлік «Альфа-банк» АҚ, «Транскапиталбанк» ЖАҚ және «Ак Барс» АКБ және Халықаралық Еуразия даму банкі бар. Мәміле қатысушыларының тізімінен Ресей мен ТМД елдерінен 14 қаржы институтын көруге болады.

Кредит бойынша берілетін қаржы жалпы корпоративтік, сонымен бірге Беларусь Республикасына тауарларды, құрал-жабдық пен қызметтерді жеткізумен байланысты Беларусбанк клиенттерінің сауда келісімшарттарын қаржыландыру мақсатында екі жылға дейін берілген.

«Халықаралық мәмілелерге қатысу – біздің қаржы институтымыздың ағымдағы орта мерзімді даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Біз ары қарай осы бағытта біздің негізгі акционеріміз China CITIC Bank Corporation Ltd., сонымен бірге Еуразия даму банкі секілді ірі халықаралық қаржы ұйымдарын қоса алғанда, жетекші қазақстандық және шетелдік банктермен бірге даму жоспарымызда бар» -  деді өз сөзінде «Altyn Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Марат Альменов.

Альфа-Банктің қарыз капитал бөлімінің директоры Алексей Чиркизьяновтың сөзіне сүйенсек, бірлестіру үрдісіне инвесторлардың қызығушылығы айтарлықтай жоғары болуы себебінен өтінімдер кітабы мәмілені жүзеге асырудың елеулі қысқа мерзімі ішінде және нарықтың динамикалық шарттарын ескергенде 2,5 еседен аса қайта жазылумен жабылған. Бұған қоса мәміле көлемі мен мерзімі, сонымен бірге баға параметрлері бойынша бірегей екендігі тілдесу барысында атап көрсетілді.

«Жоба 2018-2022 жылдарға арналған Банк Стратегиясына сәйкес ЕДБ нысаналы салаларына жататын қаржы секторында жүзеге асырылуда және Банктің инвестициялық қызметі үшін басым бағыт болып табылатын ЕДБ қатысушысы мемлекеттердегі экономикалық интеграцияны дамытуды тұспалдайды» - деп өз сөзін Еуразия даму банкінің активтер мен пассивтер жөніндегі басқарушы директор Дмитрий Ладиков-Роев қорытындылады.

«АСБ Беларусбанк» ААҚ Altyn Bank үшін қаржыландыру үрдісіне қатысқан Беларусь Республикасындағы екінші банк, сонымен бірге China CITIC Bank Corporation Ltd еншілес банк 3,5 миллион еуро сомасына «Белинвестбанк» ААҚ-на (Беларусь) қаржы бөлген.

Анықтамалық ақпарат:

Бұған дейін «HSBC Банк Казахстан» ретінде қызмет көрсеткен «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) Қазақстанның қаржы нарығында 20 жылдан астам жұмыс істеп келеді. «Altyn Bank» АҚ әмбебап коммерциялық банк болып табылады және корпоративтік және бөлшек клиенттерге қызмет көрсете отырып, активтердің саны бойынша 14 орынға табан тіреген. Банк қазақстандық коммерциялық банктердің ішінде ең жоғары рейтингке (Fitch – “BBB-”, Moody’s – “Ba1”) ие. «Altyn Bank» АҚ Қазақстан нарығында ең бірінші болып жеке тұлғаларға арналған қаржылық қызметтерінің толық спектрін ұсынатын Altyn-i атты цифрлық банкті іске қосқан. Банктің Алматы, Астана, Атырау мен Ақтау қалаларында 4 филиалы және Алматы қаласында 2 қосымша бөлімшесі бар.

Еуразия даму банкі (ЕДБ) 2006 жылғы қаңтар айында Ресей мен Қазақстанның бастамасымен құрылған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады. ЕДБ-ның негізгі мақсатына  қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамытуға, олардың тұрақты экономикалық дамуына және өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге көмектесу жатады. ЕДБ-ның жарғылық капиталы 7 млдр. АҚШ долларын құрайды. Банктің қатысушы мемлекеттері: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы.

«АСБ «Беларусбанк» ААҚ Беларусь Республикасының аймағында қаржылық қызметтерді көрсететін ең ірі ұйым болып табылады. Банк жеке капитал, клиенттерге берілетін кредиттердің, қабылданатын депозиттердің, активтердің көлемі бойынша бірінші орында. Банк мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысады, инновациялық жобаларға инвестиция бөледі, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік өндіріс, әлеуметтік сала секілді республика үшін маңызды салаларға кредит ұсынады.

Қосымша комментарийлерді алу үшін Сіз әрқашан хабарласа аласыз:

«Altyn Bank» АҚ

(China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ)

Екатерина Купреева,
Маркетинг басқармасының бастығы
Тел. +7 (727) 356 62 73, (ішкі 11 120)
E-mail: Ekatrina.K@altynbank.kz

Ермек Койчебаев,
Маркетинг басқармасы
Тел. +7 (727) 356 61 79, (ішкі 11 179)
E-mail: Ermek.k@altynbank.kz