Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 330 57 77

Науқан аяқталды — жеңімпаздарды құттықтаймыз!

2015  жылдың 9 қарашасында, кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен «Altyn Bank Ыстамбұлға шақырады!» науқанының 3 (үш) жеңімпазы анықталды. Науқанның жүлде қоры - Ыстамбұлға екі адамға 5 күндік сапарға арналған сертификат! Марапаттау рәсімі 10 қарашада Altyn Bank кеңсесінде өтті.

Altyn Bank ұйымдастырушы және шақырушы тарап ретінде жеңімпаздардың келесі шығындарын өтейді: Алматы-Ыстамбұл-Алматы ұшу сапары, трансфер, 5 жұлдызыды қонақ үйде тұру (таңғы асымен бірге) және саяхат бағдарламасы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Altyn Bank сыйға беретін сертификаттар иеленушілері:

  • Абдулланов Мади
  • Совет Ермек
  • Утегенов Габит

Науқанға қатысқан барлық Клиенттерімізге алғысымызды білдіреміз және тағы бір рет жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Кредит алуға электрондық өтінім

 

Тұтынушылық несиені рәсімдеп, әлемнің ең әдемі қалаларының біріне екі адамға арналған сертификат жеңіп алу мүмкіндігіне ие болыңыз!  

Бұл Сіз үшін ұмытылмас сапар болады. Өйткені, Altyn Bank Ыстамбұлдың Сізге бар құпияларын ашуына мүмкіндік береді — саяхат бағдарламасына Сізді қаланың бай тарихымен таныстыратын ең қызықты экскурсиялар кіреді.

«Altyn Bank Ыстамбұлға шақырады!» науқанының шарттары:

1. Науқан 2015 жылдың 3-ші тамызынан 30-шы қазанға дейін (осы күнді қоса есептегенде) жалғасады.
2. «Altyn Bank Ыстамбұлға шақырады» науқанына 23 жасқа толған, науқан кезеңінде тұтынушылық кепілсіз несиесін ресімдеген және келісімге қол қойған жеке тұлғалар қатыса алады.
3. Жеңімпаз науқан кезеңінде тұтынушылық кепілсіз несиесін рәсімдеген тұлғалар арасынан Банктің электрондық базасы бойынша кездейсоқ таңдау әдісімен анықталады. Ұтыс 09.11.2015 ж. Алматы қ., «Altyn Bank» АҚ бас кеңсесінде, нотариустың қатысуымен өтеді.
4. Науқанның жүлде қоры Ыстамбұлға екі адамға 5 күндік сапарға арналған 3 сертификаттан тұрады. Сертификатқа келесілер кіреді: Алматы-Ыстамбұл-Алматы ұшу сапары, трансфер, сақтандыру, 5 жұлдызды қонақ үйде тұру (таңғы асымен бірге) және саяхат бағдарламасы.
5. Сертификат 2015 жылдың 1-ші желтоқсанынан 2016 жылдың 31-ші қаңтарына дейін (осы күнді қоса есептегенде) жарамды.
6. Ұтыс нәтижелері 16.11.2015 ж. Банктің www.altynbank.kz ресми сайтында жарияланады.
7. Жариялы ақпарат: ұйымдастырушы, Науқан жөніндегі қосымша ақпаратты жариялау құқығын өзіне қалдырады. Науқанға қатысушылар ұйымдастырушының олардың тегі мен есімдерін, суреттерін, сұхбаттары мен басқа мәліметтерін пайдалануына және/немесе Науқанға қатысушылар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында науқанға қатысты ақпарат есебінде жариялануына келісім береді.
8. Науқанға «Altyn Bank» АҚ Банк қызметкерлері, олардың тікелей туыстары, осы Науқанды ұйымдастырушы жарнама/туристік агенттік қызметкерлері қатыса алмайды.
9. Науқан жеңімпаздың Алматы қаласына келу мен ондағы жатын орын қажеттілігімен байланысты шығындарын көтермейді.
10. Сыйлық ақшалай немесе басқа түрде берілмейді, сондай-ақ оны жеңімпаздың басқа тұлғаларға беруіне болмайды.
11. Банк ұтып алынған сыйлық бойынша сапармен байланысты барлық тәуекелдерге жауап бермейді.
12. Науқанға қатысу Науқан қатысушыларының көрсетілген Шарттармен автоматты түрде танысқанын және толықтай келісім бергенін білдіреді.

Altyn Bank ұсынатын кепілсіз тұтынушылық несие шарттары:  

Несие валютасы: теңге;
Несие сомасы: 90 000-нан 3 000 000 теңгеге дейін;
Несие мерзімі: 6 айдан 59 айға дейін;

Несиені өтеу түрі:

  • Аннуитеттік төлем
  • Негізгі қарызды тең үлеспен өтеу

Несие бойынша сыйақы мөлшерлемелері

Нысаналы аудитория

Сыйақы мөлшерлемесі (бекітілген)
несиені ұйымдастырғаны үшін комиссиясыз — несие сомасынан 0%

Сыйақы мөлшерлемесі (бекітілген)
несиені ұйымдастырғаны үшін комиссиямен — несие сомасынан 4%

«Altyn Bank» АҚ арқылы жалақы алатын клиенттер

жылдық 22,99%
(жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25,94%* бастап)

жылдық 19,99%
(жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 24,67%* бастап)

«Altyn Bank» АҚ арқылы жалақы алмайтын клиенттер

жылдық 23,99%
(жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 27,20%* бастап)

жылдық 20,99%
(жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25,93%* бастап)

* Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі несие сомасы мен мерзіміне байланысты

Негізгі артықшылықтары

  • Жасырын комиссиясыз Несие
  • Ағымдағы шотты ашу — тегін
  • Несиені ағымдағы шотқа аудару — тегін
  • Несиені өтеу үшін дебеттік карточканы шығару — тегін
  • Карточкалық операциялар бойынша тегін SMS-хабарландыру қызметі
  • Интернет-Банкингке тегін қосу мүмкіндігі
  • 3 айдан кейін Несиені мерзімінен бұрын толық төлеу немесе бөліп төлеу мүмкіндігі— айыппұлсыз
  • Қарызды өзіңізге ыңғайлы уақытта, қолма-қол ақшаны қабылдау қызметі бар Altyn Bank және Halyk Bank банкоматтары арқылы өтеу мүмкіндігі.

Несиені рәсімдеу үшін:

  • Банк қызметкеріне қоңырау шалу немесе www.altynbank.kz сайтында өтініш қалдыру керек (өтініштің онлайн түрін толтыру арқылы);
  • Банк қызметкеріне жеке басты куәландыратын құжатты көрсету керек.

Ескерту: Бұл ұсыныс көпшілікке арналған оферта болып табылмайды, несиелендіру жайлы соңғы шешім өтінішіңіз қаралғаннан кейін қабылданады.