Проблемалық кредиттер қоры» АҚ қаржысы есебінен тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру Бағдарламасы
Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 355 13 33

Құрметті АО «Altyn Bank» (ДБ АО «Народный Банк Казахстана») Клиенттері!

Осымен Сіздерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 103 қаулысы бойынша «Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ) (бұдан әрі — Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірде бекіткен № 69 қаулысы бойынша «Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру» Бағдарламасына (бұдан әрі — Бағдарлама) қатысатын екінші-деңгейдегі банктер тізіміне енгізілгенін хабарлаймыз.

Осы орайда, Сіз қайта қаржыландыру Бағдарламасы бойынша кеңес алу үшін және құжаттарыңызды өткізу үшін Банк бөлімшесіне келуіңізге болады.

Несие, тұрғын үй және қарыз алушыға талаптар:


Қайта қаржыландыруға тиісті несиелер
  1. Ипотекалық тұрғын үй сатып алу және тұтынушылық мақсатта 2004 жылғы 1 қаңтар мен 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығында алынған несиелер;
  2. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша негізгі қарыздың қалдығы:
  3. Ұлттық валютада (90 (тоқсан) күннен астам) мерзімі өткен берешегі бар — 36 470 000,00 (отыз алты миллион төрт жүз жетпіс мың) теңге, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушылар;
  4. Шетел валютасында — 2015 жылғы 1 қаңтардағы Ұлттық Банктің ресми бағамы бойынша 36 470 000,00 (отыз алты миллион төрт жүз жетпіс мың) теңгеден аспайтын теңге баламасында, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушылар;
  5. Ұлттық валютада — 36 470 000,00 (отыз алты миллион төрт жүз жетпіс мың) теңге, заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушылар.

Шетел валютасында берілген қарыз бойынша қайта қаржыландыратын соманы айқындауды Банк:

  1. Қайта қаржыландыру күні Ұлттық Банктің ресми бағамы бойынша — 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша (90 (тоқсан) күннен астам) мерзімі өткен берешегі болмаған кезде;
  2. 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Ұлттық Банктің ресми бағамы бойынша — 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша (90 (тоқсан) күннен астам) мерзімі өткен берешегі болған кезде жүзеге асырады.

Қайта қаржыландыру күнге заңды күшіне енген сот актісі бар қарыз бойынша қайта қаржыландырылатын соманы анықтау негізгі қарыз сомасы бойынша:

  1. Ұлттық валютада — сот актісіне сәйкес;

2) шетел валютасында — сот актісін шығару күнге Ұлттық Банктің ресми бағамы бойынша теңге балмасында жүзеге асырылады.

Қарыз алушының мүлкі (тұрғын үй, тұрақты өмір сүру мақсатында пайдаланылмайтын жеке үй-жай түріндегі тұрғын емес үй-жай, жер телімі), оның ішінде қарыз алушы, оның жұбайы (зайыбы) болып табылмайтын үшінші тұлғаға (кепіл берішуге) тиесілі жылжымайтын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары/ ипотекалық қарыздар қайта қаржыландыруға жатады.

Тұрғын үй мынадай критерийлерге сәйкес болуы тиіс (жиынтықта):

1) тұрғын үй 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қарыз алушы және оның жұбайы (зайыбы) үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз үйі болып табылады. Бұл талап жекешелендіру, сыйға алу шарттары бойынша немесе мұрагерлік тәртібінде оларға жалпы меншік құқығында тиесілі осы бір тұрғын үй бірлігінде тұратын әрбір адамға (қарыз алушыға, оның жұбайына(зайбына), отбасының кәмелетке толмаған баласына, сондай-ақ бірге тұратын әрбір жақын туысына) жеке бір тұрғын үй бірлігіндегі үлесі тұрғын үй алаңының 16 (он алты) шаршы метрінен аспайтын жағдайда қолданылмайды.
2) жалпы көлемі жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортына сәйкес 120 (бір жүз жиырма) шаршы метрден немесе тұрғын үй көлемі құрылысқа үлестік қатысу туралы шарты бойынша 120 (бір жүз жиырма) шаршы метрден аспайды. 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін рәсімделген құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдің техникалық паспорты ұсыналған жағдайда, тұрғын үй алаңы техникалық паспорттың негізінде белгіленеді. Осы талаптар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын көп балалы қарыз алушылардың тұрғын үйіне, сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы және оның жұбайы (зайыбы) үшін жақын туыстары болып табылатын екіден көп отбасының мүшелері тіркелген қарыз алушының тұрғын үйіне қолданылмайды.

Тұрғын үй ретінде:
 — меншік құқығында жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);
 — құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша өарыз алушыжәне оның жұбайы (зайыбы) құрылысы аяқталмаған сатып алған тұрғын үйдегі (пәтердегі) үлес түсініледі.
Қарыз алушының тұрғын үй түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген ипотекалық тұрғын үй қарызын/ ипотекалық қарызды қайьа қаржыландыру кезінде, меншігінде мыналар:
 — қарыз алушы және/ немесе оның жұбайының (зайыбының) осы тармақшамен белгіленген критерийлерге сәйкес келетін қосымша біреуден артық емес жер телімінің;
 — халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушыда және/ немесе оның жұбайында (зайыбында) осы тармақшада белгіленген критерийлерге сәйкес келетін қосымша біреуден артық емес тұрғын емес үй-жайы болуына рұқсат етіледі.
Тұрғын емес үй-жай мынадай критерийлерге (жиынтығында) сәйкес келуге тиіс:
 — тұрғын емес үй-жай 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қарыз алушы және оның жұбайы (зайыбы) үшін жалғыз болып табылған;
 — тұрғын емес үй-жайдың жалпы алаңы жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортына сәйкес 100 (бір жүз) шаршы метрден аспайды.
Қарыз алушының тұрғын емес үй-жай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру кезінде, қарыз алушының және/ немесе оның жұбайының (зайыбының) меншігінде қосымша жылжымайтын мүліктің болуына рұқсат етілмейді. Бұл шектеу халықтың әлеметтік осал топтарына жататын қарыз алушыда және/ немесе оның жұбайында (зайыбында) осы тармақшамен белгіленген критерийлерге сәйкес келетін біреуден артық емес тұрғын үй және/ немесе жер телімі болған жағдайда қолданылмайды.
Жер телімі мынадай критерийлерге (жиынтығында) сәйкес келуге тиіс:
 — жер телімінің нысаналы мақсаты — жеке тұрғын үй құрылысы;
 — жер телімінің ауданы 0,1 (нөль бүтін оннан бір) гектардан аспайды;
 — жер телімі 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қарыз алушы және оның жұбайы (зайыбы) үшін жалғыз болып табылады.
Қарыз алушының жер телімі түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру кезінде, меншігінде мыналардың:
 — қарыз алушыда және оның жұбайында (зайыбында) осы тармақшада белгіленген критерийлерге сәйкес келетін біреуден артық емес қосымша тұрғын үйдің;
 — халықтың әлеметтік осал топтарына жататын қарыз алушыда және/ немесе оның жұбайында (зайыбында) осы тармақшамен белгіленген критерийлерге сәйкес келетін біреуден артық емес қосымша тұрғын емес үй-жайы болуына рұқсат етіледі.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына келесілер жатады:

1) Ұлы Отан Соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
2) Ұлы Отан Соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңделген тұлғалар;
3) 1 және 2 топ мүгедектері;
4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
6) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
7) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады;
8) оралмандар;
9) экологиялық апаттар, табиғи техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан баспанасых қалған тұлғалар;
10) көпбалалы жанұялар;
11) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
12) толық емес отбасылар.

Бағдарлама бойынша қосымша мәлімет алу үшін Сіз Банктің сайтында көрсетілген мекен-жайлар бойынша Банк бөлімшелеріне жолығуыңызға немесе +7 727 2596900 нөмірі бойынша Контакт-центрге хабарласуыңызға болады.

* қарыз алушының Бағдарлама критерийлеріне сәйкес келуі қайта қаржыландыруға міндетті шарт болып табылады.