Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 355 13 33

Үнемі уақыт тапшылығында бола тұра, көптеген мәселелерді компьютерлік тінтуір немесе мобильді құрылғы арқылы түртіп қана шешуді қалайсыз ба? Сізге бұл мүмкіндікті Altyn Bank-тен Интернет-Банкинг береді.

Интернет-Банкинг — бұл Интернетке қолжетімділігі бар компьютер немесе телефон болған кезде әлемнің кез келген жерінен Сізге өз шоттарыңызды басқаруға мүмкіндік беретін, қашықтықтан қызмет көрсету қызметтерінің жиынтығы.

Интернет-банкинг жүйесінің қызметтер шоғыры:

Апараттық қызметтер:

  • Жүргізілген транзакциялар мен ағымдағы, жинақ және карточкалық шоттардағы жүргізілген транзакциялар мен ақша қалдықтары туралы ақпаратты қадағалап отыру. Қарызыңыз бойынша ақпаратты қарап көру (сыйақы мөлшерлемемесі, өтелетін сомасы мен күні, берілген қарыздың немесе кредиттік лимиттің сомасы, өтеу кестесін қарап шығу).
  • Ағымдағы шот, мерзімді депозит, кредиттік карточка бойынша үзінділерді сұрату және басып шығару.

Қаржылық операциялар:

  • Жеке шоттарыңыздың арасында ішкі аударымдар
  • Банк клиенттерінің шоттарының арасында ішкі аударымдар.
  • Алушының Қазақстандағы басқа банктегі шотына теңгемен  аударымдар.
  • Шетелдегі алушының шотына валютадағы аударымдар.
  • Коммуналдық қызметтердің, интернет қызметтердің, сондай-ақ мобильді және қала байланысы қызметтерінің, кабелді және цифрлық теледидар қызметтерінің және көптеген басқасының ақысын төлеу.
  • Бюджетке төлемдер, салықтарды төлеу.
  • Төлемдер мен аударымдар бойынша ұзақ тапсырмаларды құру, өзгерту, жою.

Қызметтер:

  • Банкпен мәтіндік хабарларды жіберу және алу арқылы байланысқа шығу.
  • SMS-хабарлама қызметін қостыру
  • Депозиттік калькулятор
  • Дербес ақпаратты жаңарту
  • Ағымдағы шоттар мен мерзімдік депозиттерді ашу

Интернет-банкинг жүйесінде тіркелу үшін:

  • Банк филиалында қызметке қосылуға Өтініш ресімдеу;
  • Банктік тіркелу нөмірін, интернет қауіпсіздік құрылығысын (Токен) және ДСН-кодты алу;
  • Банкте іске қосылған шоты;
  • Интернетке қолжетімділігі бар компьютер/планшет/смартфон болуы қажет.