Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 355 13 33

«MoneyGram — Денежные переводы» (ары қарай — «MoneyGram») — есеп-шотты ашуды қажет етпейтін, әлемнің 200 жуық елінде 49 мыңнан астам тармақтары бар жылдам, ақша аудару қызметі. MoneyGram, ақша аударудың тез әрі қауіпсіз әдісі болып табылады.

MoneyGram артықшылығы:

  • Комиссия аударым жасалатын кезде тек бір рет қана төленеді;
  • Есеп-шот ашусыз аударымды жіберу және алу мүмкіндігі;
  • USD және EUR валюталарында, ақша аударымын жіберу және алу;
  • Ақша аударымы жасалғаннан кезден бастап бірнеше минуттан кейін алушыға қол жетімді*

Операция сомасына күнделікті шектеу (төлем/аударымдарды жіберу):

  • 10 000 USD дейін (немесе осы соманың 3 000 000 теңгеге дейінгі баламасы);
  • 7 000 EUR дейін (немесе осы соманың 3 000 000 теңгеге дейінгі баламасы).

 MoneyGram тарифтер*

*ақша аударымы операциясын орындау үшін MoneyGram компаниясының тарифтеріне сәйкес комиссия алынады.

MoneyGram, ақша аударымдарын жіберу және алу:

  • Аударымды жіберу үшін ұсыну қажет:
    • Жеке басты куәландыратын құжат**;
    • Алушының аты-жөнін, мемлекетін және қаласын;
    • Ақша қаражаты.
  • Аударымды алу үшін тек қана жеке басты куәландыратын құжатты көрсету,** және аударымның сегіз санды кодын айту қажет.

MoneyGram жүйесі арқылы, ақша аударымдарын келесі мекен-жай бойынша орналасқан Банк бөлімшесінде жасауға болады: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 43.

  • Ақша аударымын бірнеше минутта алу мүмкіндігі алушы жақтағы агенттің жұмыс уақытына және жергілікті заңнамалық нормаға тәуелді болады.

**Егер бір операциялық күн үшін аударымды жіберу/төлеудің жалпы сомасы 2 000 000 теңгеден (немесе осы соманың шетелдік валютадағы баламасы) асқан жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін қосымша қажет етіледі:
— бейрезидент — салық төлеушінің мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі (ЖСН).
— Визасыз тәртіпте Қазақстан Республикасына келетін шет ел азаматтары үшін көші-қон карточкасының көшірмесі.
«MoneyGram — Денежные переводы» қызметі туралы қосымша, ақпаратпен www.moneygram.com сайтында немесе тәулік бойы қолдау қызметінің 8 (800) 333-37-44 телефоны (Қазақстан бойынша стационарлық телефон арқылы қоңырау шалу тегін) арқылы таныса аласыз.