Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 355 13 33

Private Banking институтының даму және қызмет ету тарихы үш ғасырдан бері жалғасып келеді. Тұрақты түрде дамып, дәстүрлер мен инновациялар арасында теңгерімді тауып, бұл қызмет артықшылықты клиенттерге қызмет көрсетудің барлық жағдайларын ескеретін, ерекше түзілген қаржылық сервиске айналды.   

AltynBank, өзінің сенімді клиенттеріне ризашылығын білдіре отырып, Status жаңа бөлімшесіндегі Private Banking қызметтерін ұсынады.

Status — бұл Сіз өзіңізді жайлы ортада іскерлік мәселелерді талқылауға болатын сенімді серіктесіңізге қонаққа келгендей сезінетін орын. Бұл өзара құрмет көрсету ортасы, тамаша және ұсақ-түйегінің барлығы ойластырылған интерьер, банк жүйесінде мол еңбек тәжірибесі бар біліктілігі жоғары қызметкерлер. 

Клиентке бағыттанушылық — бұл Altyn Bank басты құндылықтарының бірі, сондықтан біз әр клиентке деген жеке көзқарасты қолданамыз. 

PrivateBanking-те қызмет көрсету — бұл бірінші кезекте, жеке қаржы консультанты, Сізге арнайы бекітілген банк қызметкері, оның басты міндеті — Сіздің ағымдағы мәселелеріңіз және келешектегі ықтималды міндеттеріңіз бен сұрауларыңызды жедел шешу.  

Біз Сізге Altyn Bank және Halyk Group-тің дәстүрлі банктік, инвестициялық және сақтандыру қызметтерінің көптеген түрлерін ұсынамыз, сонымен қатар біз басқа да күнделікті міндеттерді шешуге көмектесуге және тек біздің клиенттеріміз үшін арналған бірқатар артықшылықтарды ұсынуға қуаныштымыз. 

Status — бұл өзін және өз уақытын бағалай білетіндердің таңдауы!