Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 330 57 77

Топтың миссиясы

«Халық» тобының миссиясы Қазақстандағы және басқа да бірқатар елдердегі қаржы нарығының барлық сегменттерінде (банктік, сақтандыру, зейнетақы, бағалы қағаздар, лизингтік) клиенттер мен акционерлердің қаражатының сақталуын, тиімді орналастырылуын және көбеюін қамтамасыз ете отырып, халықаралық стандарттық деңгейде қызмет көрсету болып табылады.

Топтың құндылықтары

  • Клиентке бейімділік: Топ өз  клиенттерінің қажеттіліктерін түсіне отырып, олардың өз мақсаттарына жетуіне және ол мақсаттардан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне   көмектесетін ең тиімді шешімдерді ұсыну үшін барлық ресурстарды қолдануға бағытталады.
  • Сенімділік: Топ халықаралық құқықтың нормалары мен көпшілікке танылған қағидаттарды, Қазақстан Республикасының заңнамасын, Топ бизнес жүргізетін басқа елдердің заңнамасын, Топтың ішкі ережесі мен ережелерін мүлтіксіз сақтайды. Топ корпоративті басқарудың еуропалық стандарттарына талпынады және өз қызметін акционерлер, клиенттер, іскерлік серіктестер, мемлекеттік билік органдары, қызметкерлер үшін  іске асыруда ең ашық саясат пен айқындылық қағидаттарын  ұстанады. Сенімділік - біздің ең құнды активіміз - Топтың іскерлік абыройын сақтап қалудың негізгі факторы.
  • Көшбасшылық: Топ нарықтың барлық сегменттерінде кез – келген клиентке қызмет көрсетуде көшбасшылық орынға талпынады. Ұйымның барлық деңгейіндегі басшылар жұмысқа деген құлшынысымен және  жігерлігімен, өз ісіне берілгендігімен  үлгі болып келеді. Басшылар ұйымға бағыт береді, жаңа бастауларға қолдау жасайды, ұйымды Топтың Миссиясын орындауға барынша жігер береді.
  • Әлеуметтік жауапкершілік: Халықтың барлық топтарына бейімділігі Топ қызметінің негізгі қағидаттарының бірі болып табылады. Топ қоғамның дамуы мен әлеуметтік мәселелердің шешіміне белсенді үлес қосуға  және жауапты корпоративті ұйым болуға тырысады.
  • Адалдық:  Топ қызметінің барлық салаларында, әрқашан және барлық жерде бизнесті барынша адал жүргізуге тырысады. Топ ішкі процестер айқындығы, клиенттермен қарым-қатынастарды өзара сыйластық пен сенімділік негізінде құру, қызметкерлер тарапынан өз ісіне адалдықпен қарауды қолдау, корпоративтік этика нормаларын қолдау қағидаттарын қолданады.
  • Кәсіпқойлық: Топ кәсіптік қызметтің ең жоғары стандарттарына ұмтылады, ол жаңа идеялар мен жаңалықтар үшін  ашық. Негізгі міндет -  клиенттермен берік әрі ұзақ мерзімді қатынастарды қамтамасыз ететін,  клиенттерге қызмет көрсету бойынша барлық операцияларды адал,  дер кезінде және ең тиімді шарттарда  іске асыру.