Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 330 57 77

Altyn Online интернет-банкинг жүйесі Сіздің шоттарыңызды басқаруға және операцияларды онлайн режимінде жүргізуге мүмкіндік береді.
Қол жетімді операциялар тізімі:

  • ұлттық валютада аударымдарды жүзеге асыруға арналған электрондық төлем тапсырмаларын қабылдау;
  • шетелдік валютадағы аударымдарды жүзеге асыруға арналған электрондық төлем тапсырмаларын қабылдау;
  • Клиенттің шетелдік валютаны айырбастауына (сатып алу/сату/ айырбастау) электрондық өтініштер қабылдау;
  • Клиентке электронды түрде үзінді көшірмелер беру (Шот және, ақша қозғалысы жайлы берілетін үзінді көшірмелер, ағымдағы күн бойынша берілетін алдын-ала үзінді көшірмелер);
  • келісімшарттың есептік нөмірін тіркеуге арналған өтініштердан басқа, экспорт-импорттық валюталық бақылау қатысушыларынан валюталық бақылауға байланысты құжаттарды қабылдау (келісімшарттар, инвойстар, келісімдер, төлемге арналған шоттар, қосымша келісімдер және т.б.);
  • хаттармен (хаттар, сұраныстар, ескертулер, нұсқауларды жою/тоқтата тұру туралы өкімдер және т.б.) алмасу;
  • жинақ ақшалар шотын ашуға/жабуға және банктік салым жасауға/алуға арналған өтініштерді қабылдау және банк салымы шарт талаптарына сай басқа операциялар;
  • Банкте Клиенттің қосымша, ағымдағы шоттарын ашу/жабу және, ағымдағы шот шарты талаптарына сай басқа операциялар;
  • корпоративтік төлем карточкасын шығаруға/қайта шығаруға, лимиттер мен шектеулерді қоюға/өзгертуге, карточкаға шек қоюға, корпоративтік төлем карточкасы мен карточкалық операцияларға арналған, ағымдағы шотты жабуға және даулы транзакцияны қарастыруға арналған өтініштерді қабылдау.
  • Банкпен келісілген, өзге қүжаттарды қабылдау.

Altyn Online интернет-банкинг жүйесін пайдалану артықшылықтары:

  • нақты уақыт режимінде төлемдерді қадағалап отыру;
  • Банк және Сіздің бухгалтерлік бағдарламасымен (1С: Предприятие/SAP) ақпарат алмасу (төлемдер, үзінділер, валюта бағамдары және т. б.);
  • төлем тапсырмасының деректемелерін анықтамалықтарды қолдана отырып автоматты толтыру (қызметкерлер, контрагенттер, шетел банктері және т. б.);
  • ұзақ кезең ішінде төлем құжаттарының мұрағатын жасау;
  • Банкпен, бекітілген ілеспе құжаттар мүмкіндігімен, ақпараттық хаттармен жедел алмасу;
  • төлемнің дайындау сатысында жасалатын ыңғайлы және икемді тексеру алгоритмдері;

Altyn Online интернет-банкинг жүйесіне қосылу үшін:

  • «Altyn Online» жүйесіне қосылу өтінішіне қол қою қажет;
  • жүйедегі тиісті операцияларды жүргізуге уәкілеттік ететін Пайдаланушыларды өз бетінше анықтау қажет;
  • бағдарламамен жұмыс істеу үшін жұмыс орнын дайындау.

 

Altyn Online интернет-банкинг жүйесіне кіру үшін:
https://altynonline.kz сілтеме бойынша кіре аласыз.