Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 330 57 77

Экспорттық қаржыландыру бойынша Сіздің бизнесіңіз үшін тиімді шешімдер Сіздің ақша ағындарыңызды бақылау және халықаралық саудаға тән болатын тәуекелдерді айтарлықтай төмендету мүмкіндігін береді.

Altyn Банкі ұсынатын экспорттық қаржыландыру – бұл Сіздің бірегей циклыңызды есепке алып әзірленген дербестенделген тиімді шешім. Қаржыландыру материалдар мен қызметкерлердің еңбекақысын төлеу, өндіріс барысында өтімділікті қолдау үшін қосымша қаражат беру сияқты өндірістік шығындарды, тауарды қаптау мен сатып алушыға тиеуге дайындауды өтеу үшін беріледі. Осылайша, Сіз өзіңіздің сауда серіктестеріңізге икемді шарттарды ұсынып, сатуларды ұлғайта аласыз.

Құрылымдалған қаржыландыру Сізге сауда циклыңыздың экспорт алдындағы, сондай-ақ экспорттан кейінгі кезеңдерінде арзандай қаражатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.