Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 330 57 77
Жаңалықтар

12.02.2019

Altyn Bank-тен жылжымайтын мүлік несиелерін енді BI Finance ипотека орталығынан алуға болады

Толығырақ >

07.02.2019

Altyn Bank Altyn-i сандық банкингте өзге қазақстандық банктер шотына ұялы телефон нөмірі бойынша «Suńqar» аудармалар жасау қызметін іске қосты

Толығырақ >

07.02.2019

Жеке тұлғалардың банк қызметтері үшін тарифтерінің өзгеруі туралы

Толығырақ >

01.02.2019

Altyn-I сандық банкінің жаңа клиенттеріне арналған «Сандық жүйеге көш» акциясы басталды.

Altyn Bank төлем картасының иегерлері үшін, Altyn-I сандық банкінің жаңа клиенттеріне «Сандық жүйеге көш» акциясын іске қосты. Бас жүлде - Iphone XS Max 512 gb! 

Толығырақ >

29.01.2019

Жеке тұлғалардың банк қызметтері үшін тарифтерінің өзгеруі туралы

Толығырақ >

Баспасөз релизі PDF

AltynBank пен BI Group холдингі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, бұл келісім қазақстандық компания мен Қазақстандағы China CITIC Bank еншілес қаржы институты арасындағы бірқатар жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Құжатқа BI Development сату орталығының бастығы Гүлсім Шокарова және Altyn Bank АҚ астаналық филиалының директоры Тоғжан Қайырбекова қол қойды.

«Қазақстанның астанасы күн сайын өсіп, дамып келеді, жаңа тұрғын үйлер салынуда, - деп атап өтті Altyn Bank астаналық филиалының директоры Тоғжан Қайырбекова. – Бұл нарықтың өсуі үшін үлкен әлеуеті бар. BI Group ірі инвестициялық-құрылыс компаниясымен әріптестікте біз қазақстандықтарды сапалы және сенімді тұрғын үй сатып алу үшін жаңа мүмкіндіктермен қуанта отырып, әсерлі нәтижелерге қол жеткізе аламыз».

«Ипотекалық кредиттеу бойынша қызметтердің тиімді шарттарын ұсынуға дайын серіктестеріміздің өсіп келе жатқанына қуаныштымыз. Бізбен ірі қаржы институттары жұмыс істеуде. Бүгін бұл тізімге AltynBank қосылды. Соның арқасында қазақстандықтар үшін тұрғын үйді несиеге сатып алу процесі одан әрі қолжетімді болады. BI Finance жұмысын бастағалы орталыққа 801 клиент келді. 2019 жылдың қаңтар айында 1,426 млрд теңге сомаға 70 несие берілді», - деді BI Development сату бөлімінің бастығы Гүлсім Шокарова.

Естеріңізге сала кетейік, мамандандырылған орталық тұрғын үй сатып алуға байланысты барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін бір терезе қағидаты бойынша халыққа ипотекалық несие беру бойынша толық кешенді қызмет көрсетеді.

2017 жылы Қазақстанда ипотекалық несиелеу көлемі 355,8 млрд теңге, 2018 жылдың 10 айында 410 млрд теңге болды. 2017 жылы BI Group холдингіндегі пәтерлерді ипотекалық кредиттеу арқылы рәсімдеу пайызы 5,9%, 2018 жылы – 15% құрады. 2019 жылы компания тұрғын үйді несиеге сату үлесін 30%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. BI Finance ипотека орталығы өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Астана қ., Сығанақ көшесі, 18/3, Viva Plaza бизнес орталығы мекенжайы бойынша жұмыс істейді.

Анықтамалық ақпарат:

Altyn Bank АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ), бұрын «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ Қазақстанның қаржы нарығында 20 жылдан астам жұмыс істейді. Altyn Bank әмбебап коммерциялық банк болып табылады және корпоративтік және бөлшек клиенттерге қызмет көрсетеді, активтер көлемі бойынша 14-ші орында және қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтері бар (Fitch – «BBB-», Moody's – «Ba1»). Altyn Bank жеке тұлғалар үшін қаржылық қызметтердің толық спектрімен Қазақстандағы бірінші толыққанды Altyn-i цифрлық банкін іске қосты. Алматы, Астана, Атырау және Ақтау қалаларында 4 филиалы және Алматыда 2 қосымша бөлімшесі бар.

Қосымша түсініктемелерді алу үшін Сіз әрқашан төмендегі тұлғаға хабарласа аласыз:

«Altyn Bank» АҚ  (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ)

Ермек Койчебаев,
Маркетинг басқармасы
Тел. +7 (727) 356 61 79, (ішкі 11 179)
E-mail: Ermek.k@altynbank.kz