Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 330 57 77

Қарапайым қауіпсіздік шараларымен танысып алыңыз, оларды сақтау қолайсыздықтарды болдырмауға септігін тигеді:

1. Жаңа карточканы ала салып, карточканың артқы жағындағы қол қоюға арналған жолаққа қолыңызды қойыңыз.

2. Үшінші тұлғаларға, соның ішінде банк қызметкерлеріне мынадай ақпаратты жария етпеңіз:

  • PIN-код
  • CVC код (төлем карточкасының артқы жағында орналастырылған код)
  • Интернет банкингтегі пароль

 3. Жоғарыда көрсетілген деректерді қағаз параққа жазбаңыз. Егер сіз мұны жасап қойсаңыз, бұл парақты басқаларға қолжетімді емес жерге қойыңыз.

4. Сіздің жеке деректеріңіз туралы сұратулары бар электрондық почтамен түскен сілтемелерге жауап бермеңіз.

5. Баннерлік сілтемелер немесе электрондық почтадағы сілтемелер бойынша Интернет-банкинг жүйесінің веб-сайтына өтуден аулақ болыңыз. Веб-сайт жүйесінің мекенжайын дербес жазып алып, оны браузердің қосымшасына қосу ұсынылады.

6. Алаяқтық жағдайлардың алдын алу үшін, Банк ешқандай жағдайда логинді, парольді беру, көрсетілген сілтеме бойынша өту туралы сұратулары бар электрондық хаттарды жібермейтінін, сондай-ақ электрондық почтамен бағдарламаларды және олардың жаңартылуын таратпайды. Жеке құпия деректерді және парольдарды сақтау жауапкершілігі пайдаланушыға жүктеледі.

7. Күн сайын Банктен карточкадағы ақша қозғалысы туралы барлық хабарларды талдап, сондай-ақ Банкке ақшаның санкциясыз есепке алынуы (аударылуы) туралы дереу хабарлаңыз.

8. PIN-кодты терген кезде енгізілген сандарды басқа адамдардың көрмеуін бақылаңыз. Сандық пернені қолмен немесе қандай да бір затпен (мысалы, қағаз салғышпен) жабуға тырысыңыз.

9. Банкке тұратын мекенжайының, жұмыс орнының, телефон нөмірлерінің және т.с.с. өзгертілгені туралы міндетті түрде хабарлаңыз.

10. Карточка жоғалған/ұрланған жағдайда:

  • Байланыс орталығына мына телефондар: 8 (727) 259 69 00 немесе 8 (727) 258 25 25 бойынша қоңырау щалып, карточканы дереу оқшаулау; 
  • карточканы ауыстыру үшін Altyn Банктің кез келген бөлімшесіне хабарласу қажет.