Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 330 57 77

Заемдар кімге беріледі?
Қазақстан Республикасының резиденттері.

Жас шектеулері бар ма?
Иә, заемшы 21 жастан кіші емес және заемды толық өтейтін сәтке 65 жастан үлкен болмауы тиіс.

Заемдарды ресімдеген кезде қандай құжаттар «Жеке басты куәландыратын құжаттарға» жатады?
ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаты.
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
ҚР-дағы шетелдік тұлғаның ықтияр хаты.

Банктен екінші заемды алуға бола ма?
Иә, төлемге қабілеттілікке және Банк талаптарына сәйкес келген жағдайда.

Жылжымайтын мүлікті және немесе автокөлікті жақын туыстарыңнан және/немесе зайыбыңнан/жұбайыңнан сатып алуға бола ма?
Жылжымайтын мүлікті/автокөлікті зайыбыңнан/жұбайыңнан сатып алуға заем беруге тыйым салынады. Кірістердің құжаттамалық растамасының берілуі талап етілетін бағдарламалар бойынша мүлікті ата-анасынан, балаларынан, туған ағасынан, әпке/қарындасынан сатып алуға заем беруге тыйым салынады .

Заем қандай валютада беріледі?
Теңгемен.

Кредит қандай нысанда (қолма-қол ақшамен/қолма-қол ақшасыз) беріледі?
Банк заемдарды заемшының шотына ақша аудару арқылы береді.

Кредитті өтеу схемасы қандай?
Банкте кредиттерді өтеудің екі схемасы бар:
1)  негізгі борышты тең үлестермен өтеу;
2)  аннуитеттік төлемдермен өтеу.

Мерзімінен бұрын өтеудің талаптары қандай?
Мерзімінен бұрын өтеуге моратори  – 6 ай. Заем берілген күннен бастап 14 күнді қоспағанда, мораторидің қолданылу мерзімі ішінде заемның мерзімінен бұрын өтелгені үшін негізгі борыш қалдығынан 1% мөлшерінде айыппұл алынады, ең азы 25 000 теңге.

Кредит бойынша берешекті қандай тәсілмен өтеуге болады?
Банк кезекті өтелетін күндері заемды өтеу есебіне ақша түскен сайын өтеу кестесінде көзделген сомада заемды өтеу және сыйақы төлеу есебіне есептен шығаратын заемшының ағымдағы шотына қолма-қол ақша енгізу немесе ақша аудару арқылы есептен шығарады.

Екінші реттік тұрғын үйге салынған жылы және ауданы жағынан шектеулер бар ма?
Иә. Кепілге қабылданатын жылжымайтын мүлік бойынша шектеулер мен талаптарды өзіңіз тұратын қаладағы Банк филиалынан анықтап алу қажет.

Басқа Банктегі кредитті өтеу үшін Банктен кредит алуға бола ма (қайта қаржыландыру)?
Банк өтініш иесінің басқа ЕДБ-ден алған заемдары бойынша міндеттемелерін мына талаптарды сақтаған жағдайда:

  • заемшының жеке қаражатының есебінен төленетін айыппұлдарды, өсімпұлдарды, сыйақылар мен өзге де төлемдерді есепке алусыз тек негізгі борыштың қалдығын қайта қаржыландырғанда;
  • қайта қаржыландырылуы тиіс заем бойынша мерзімі өткен несиелік берешек болмағанда қайта қаржыландырады;

Заемның нысаналы мақсаты қағадағаланады ма?
Заемның нысаналы пайдаланылуын қадағалау кредиттеу бағдарламасының талаптарына сәйкес анықталып, жүргізіледі.

Төлемнің мерзімі өткізілгені үшін қандай санкциялар қолданылады?
Заемды қайтару және ол бойынша сыйақысын төлеу мерзімдері өткізілген кезде Банк заемшыға банктік заем шартында анықталған мөлшерде өсімпұл түрінде айыппұл санкцияларын қолданады. Мерзімі өткен берешек сомасы, сол сияқты мерзімі өткен сыйақы сомасы үшін де тиісті бағдарлама бойынша өсімпұл мөлшерлері бірдей. Бұл кезде өсімпұл мерзімі өткен берешек сомасы шығарылған күннен бастап өтелген күнге дейін есептеледі.