Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 330 57 77

Ипотека сізге қалаған жайлылықты берді, алайда кредиттеу шарттары қиындық тудырып тұр.

Ипотекаңызды Altyn Банкте қайта қаржыландырыңыз, осылайша Сіз ай сайынғы төлемдерді азайтып, үнемдей аласыз, сондай-ақ ипотекалық кредиттің мерзімін, сомасын және валютасын өзгерте аласыз.

Сыйақы мөлшерлемесі (тұрақты) және комиссиялар:

Клиенттер тобы

Сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі

Несие ұйымдастыру үшін алынатын комиссия

Жалақысын «Altyn Bank» АҚ арқылы алатын Клиенттер үшін

14%

15%-дан бастап

Несие сомасынан 0,10% көлемінде алынады

Жалақысын «Altyn Bank» АҚ арқылы алмайтын Клиенттер үшін

14%

15%-дан бастап

Несие сомасынан 0,10% көлемінде алынады

Қайта қаржыландыру сомасы: 100 млн. теңгеге дейін, алайда жылжымайтын мүліктің бағалану құнының 60%-ынан аспайды;

Кредиттеу мерзімі: 36 бастап 239 айға дейін;

Кредит бойынша қамсыздандыру: сатып алынатын немесе заемшыға және/немесе оның отбасы мүшелеріне тиесілі мүлік;

Кепілді сақтандыру: Банк есебінен*.

Ең төмен комиссиялар:

  • Өтінішті қарастыру үшін комиссия: – 10 000 теңге.
  • Ақша аудару үшін комиссия – 2 000 теңге.

Қайта қаржыландыру неге тиімді:

  • Сіздің ай сайынғы төлеміңіз бен кредитті төлеу мерзіміңіз азая түседі;
  • Кепілдерді ауыстыру және босату мүмкіндігі;
  • Сізге ыңғайлы өтелетін күндерді және тәсілді таңдау мүмкіндігі;
  • Жасырын комиссиялардың болмауы;
  • Мүлікті қызмет көрсетілетін бірінші жылы Банктің есебінен сақтандыру;
  • Кредитті ресімдеуге жеке көмек, ресімдеу уақытында толық сүйемелдеу.

Кредит ресімдеу үшін қажетті құжаттар:

  • Жеке басты куәландыратын құжат.
  • Мекенжай анықтамасы.
  • Айлықақыны және (немесе) басқа да кірістерді (соңғы 12 айға) растаушы құжат.
  • Жұмыс беруші компанияда атқаратын лауазымы туралы анықтама.
  • Жеке зейнетақы шотынан үзінді (соңғы 12 айға).
  • Кепілдік қамсыздандыру ретінде ұсынылатын жылжымайтын мүліктің құжаттарының көшірмелері.

Ескерту: Банк басқа да құжаттарды сұрауға құқылы.

*Мүлікті сақтандыру тек жаңа клиенттерге ғана 2011 ж. 1 қыркүйектен бастап, 12 ай мерзімге, заем шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін міндетті түрде ұзарту арқылы, клиент қаражатының есебінен беріледі.

Бізге +7 727 356 64 40 номері арқылы хабарласыңыз, немесе sales@altynbank.kz электрондық поштамызға  хат жолдаңыз. Біз Сіздің несиеге қатысты барлық сұрақтарыңызға жауап береміз. Жұмыс күндері сағат 9:00-мен 18:00-дің аралығында Сіздің қоңырауларыңызды қабылдай аламыз.

Бұл ұсыныс көпшілікке арналған оферта болып табылмайды, несиелендіру жөніндегі соңғы шешім Өтінішіңіз өңделгеннен кейін қабылданады.