Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 330 57 77

Altyn Bank депозиттерге міндетті кепілдік беру қорының  қатысушысы болып табыла ма?  
Altyn Bank депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады және Altyn Bank салымдары депозиттерді міндетті кепілдендіру нысаны болып табылады. 

Банк – міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қатысушысы мәжбүрлі таратылған жағдайда өтемақының мөлшері қандай болады?
Салымының (депозиттің) ол бойынша есептелген сыйақысынсыз, кепілдік берілген сомасының мөлшерінде, алайда ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 (он) миллион теңге баламасынан аспайды, шетел валютасындағы депозиттер үшін 5 (бес) миллион теңгеден аспайды. Салымшы банкте әртүрлі түрдегі және валютадағы бірнеше салымдарды ашқан жағдайда, Қор оған депозит бойынша жиынтық өтемақыны төлейді, алайда 10 (он) миллион теңге баламасынан аспайды. 

Жеке тұлғаға депозиттік шотты ашу үшін қандай құжаттар қажет?
Жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы; сенім білдірілген тұлғаның шотты ашуы үшін  – шотты ашуға және/немесе иелік етуге құқық беретін сенімхаттың түпнұсқасы және нотариалдандырылған көшірмесі;
кәмелетке толмаған салымшының атына жинақ шоты ашылған кезде – салымшының туу туралы куәлігі, паспорты, ата-анасынан нотариалды куәландырылған келісімдері, ата-анасын/заңды өкілін куәландыратын құжат.

Капиталдандыру дегеніміз не?
Ағымдағы мерзімде депозитке есептелген соманы депозиттің негізгі сомасына қосу. Бұл кезде сыйақы әрі қарай депозиттің жалпы сомасына және бұрын есептелген сыйақысына есептеледі.

Мен өз депозитімді Altyn Bank-тің басқа филиалынан ала аламын ба?
Салымның талаптарында бұған рұқсат берілсе, Altyn Bank-тің кез келген филиалынан салымды ішінара алуға болады. Жинақ шотын тек ол ашылған филиалда ғана жабуға болады.

Altyn Bank филиалдарында депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі бірдей ма?
Иә.

Пайыздарды ай сайын алуға бола ма?
Есептелген пайыздарды салым мерзімінің соңында алуға болады.

Депозит сомасын мерзімінен бұрын талап еткен жағдайда комиссия қандай мөлшерде өндіріледі?
Салым сомасы мерзімнен бұрын талап етілген жағдайда комиссия алынбайды, бірақ есептелген пайыздары төленбейді. 

Қандай жағдайда банктік салым шарты автоматты режімде ұзартылады?
Бұл банктік салым шартында айтылса және салым мен сыйақыны салым мерзімі аяқталған күннен бастап үш банк күні ішінде салымшы (оның өкілі) талап етпеген жағдайда.

Салымшы қайтыс болған жағдайда салымды кім ала алады?
Салымшының мұрагерлері мұраға құқық туралы куәлігін көрсеткенде.

Салымшы немесе оның мұрагері банктік салым шартын ұсына алмаса, не істеу керек?
Банктік салым шартының жоғалғаны туралы өтінішпен филиалға өтініш білдіру керек.

Депозитті сол талаптармен басқа адамға қайта ресімдеуге бола ма?
Депозиттер қайта ресімделмейді.