Байланыс Орталық +7 (727) 259 69 00
+7 (727) 330 57 77

«Шоттан аударымдар»

Егер Сізге ақшаны жеке немесе заңды тұлғаның Altyn Bank-тегі немесе басқа Банктегі шотына аудару қажет болса, Сіз «Шоттан аудару» қызметін пайдалана аласыз.  Бұл қызмет өтініш иесінің шотынан Altyn Bank филиалдары арқылы ақша аударымдарын болжайды.  

Аударымдар:

  • Altyn Bank-тегі жеке тұлғалардың немесе заңды тұлғалардың шоттарына;
  • басқа банктердегі жеке тұлғалардың немесе заңды тұлғалардың шоттарына жіберілуі мүмкін.

Жіберілу географиясы: Қазақстан Республикасы

Аударым валютасы: теңге.

Аударым түсетін уақыт: 2 жұмыс күніне дейін.

Аударымды жіберу және алу тәсілі: ақша аударымынAltyn Bank филиалдарына жіберуге болады. Алушының Altyn Bank-тегі шотына жіберілген аударымын қажетті құжаттарды көрсеткен кезде Altyn Bank-тің кез келген филиалынан алуға болады.

Аударымды жіберу үшін:

  • жіберушінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін білу;
  • аударым басқа банкке жіберілген жағдайда ақша алушының банкінің деректемелері.

Аударымды алу үшін:

  • Алушының жеке басын куәландыратын құжат қажет.

Стандарттық аударымдардың басты артықшылықтары:

  • Қазақстан бойынша аударымдардың кеңейтілген географиясы;
  • жеке тұлғаға, сол сияқты заңды тұлғаға ақша аудару мүмкіндігі;
  • аударымның жүргізілгені үшін төмен комиссия;
  • аударым сомасы бойынша шектеулердің болмауы;
  • алушы аударымды Altyn Bank-тің кез келген филиалынан ала алады.