Назар аударыңыз! Банктік деректерді беруге (дропперлікке) байланысты қылмыстық жауапкершілік
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген жаңа 232-1-бапқа сәйкес тыйым салынады:
- банктік картаны, шот деректерін немесе басқа да төлем ақпаратының үшінші тұлғаларға берілуі;
- өзге адамдардың мүддесі үшін сыйақы алу мақсатында немесе сыйақы үшін ақша аударымдарын немесе төлемдерді жүзеге асыру.
«Altyn Bank» АҚ (Қытай CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) келесілерді қатаң түрде ұсынады:
- банктік картаңыздың деректерін, логиндер мен құпиясөздерді, SMS/Push-хабарламалардағы кодтарды және интернет-банкингке қолжетімділікті үшінші тұлғаларға бермеңіз;
- «таныс адамның» немесе досыңыздың өтініші бойынша шот немесе несие ресімдемеңіз;
- картаңызды, оның деректерін немесе банк шоттары/қызметтері туралы мәліметтерді беруді көздейтін «жеңіл табыс» ұсыныстарына келіспеңіз;
- күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және мессенджерлер не электрондық пошта арқылы келген файлдарды ашпаңыз;
- «қауіпсіз шоттарға», электронды әмияндарға немесе бейтаныс адамдардың карталарына несие рәсімдемеңіз және ақша аудармаңыз;
- Банк мобильді қосымшасында операциялар бойынша лимиттер мен хабарламаларды орнатыңыз.
Жауапкершілік:
- шотқа заңсыз қолжетімділік берсе — 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
- үшінші тұлғалардың мүддесі үшін аударымдар мен төлемдер жасаса — 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
- басқалардың шоттарына қолжетімділікті сатып алып, пайдаланған ұйымдастырушылар («дропперлер») үшін — 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Алаяқтар төлем картаңызға немесе банктік шотыңызға қол жеткізген соң, оған қаражат аударады да, сізден оны шешіп беруді немесе әрі қарай басқа шотқа аударуды сұрайды. Барлық транзакциялар бақыланады, және құқық қорғау органдарына бірінші болып сіз анықталасыз. Сіз «тек картаны бердіңіз» дегеннің өзінде, бұл қылмыстық схемадағы қатысу ретінде қарастырылады.
Қазақстандағы барлық қаржылық операциялар тіркеледі: банктер IP-мекенжайларды, құрылғыларды, геолокацияны және жіберуші мен алушы арасындағы байланысты бақылап отырады.
Қылмысқа қатысушы болмаңыз!
Қайырымдылыққа немесе ем-домға қаражат жинау кезінде аса мұқият болыңыз.
Алаяқтар жиі науқас балаларға көмектесу, операцияға қаражат жинау немесе басқа да «қиын өмірлік жағдайлар» туралы жалған парақшалар мен хабарландырулар жасайды.
Олар ақшаны жеке карталарға, шоттарға немесе электронды әмияндарға аударуды сұрайды.
Жинақтың шынайылығын тексеріңіз: тек ресми қайырымдылық қорларына сеніңіз, реквизиттерді тек ресми ресурстардан тексеріңіз.
Егер сізді заңсыз схемаларға тартуға тырысып жатқанынан күмәндансаңыз, сөйлесуді дереу тоқтатып, Банкке және құқық қорғау органдарына жедел хабарласыңыз.