

Өзінің және қаржыландырылатын жобалардың экологиялық ізіне ықпалын азайту – жауапты банк үшін ұзақ мерзімді міндет.

Қабілетті, әртүрлі және ұйымға берілген қызметкерлер ұжымы – үнемі өзгеріп отыратын жағдайда бизнестің табысты болуының негізгі кепілі.

Этикалық іскерлік тәсіл мен берік корпоративтік мәдениет – жеткізушілердің, клиенттердің және серіктестердің мүдделерін теңгерімді түрде қорғаудың кепілі.

Тиімді және ашық корпоративтік басқару – банктің тұрақты дамуына және бренд құндылығының артуына ықпал етеді.

Қызмет көрсету сапасына басымдық беру, қолжетімді қызмет түрлерінің әртүрлілігі және қаржылық қолжетімділік – клиенттердің сенімі мен адалдығын нығайтады.

Деректерді қорғау және киберқатерлерге қарсы тиімді әрі сенімді шаралар банктің сенімділігін арттырады.

Цифрлық технологиялар мен инновацияларға инвестициялар банкке қаржы секторының көшбасшысы болуға мүмкіндік береді.

Нақты анықталған комплаенс рәсімдері, тәуекелдерді тиімді басқару және адалдық пен ашықтықтың жоғары стандарттарын қамтамасыз ету Банктің ұзақ мерзімді тұрақтылығын арттырады.
- Қызметкерлерімізге медициналық сақтандыру ұсынамыз.
- Үнемі қауіпсіздік техникасы және алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту тренингтері мен семинарлар өткіземіз.
- Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырамыз.
- Қызметкерлерді оқыту мен дамытуға жыл сайын арнайы бюджет бөлеміз.
- Біліктілікті арттыруға арналған семинарлар мен курстарды Қазақстанда да, шетелде де өткіземіз.
- Банк қызметкерлерінің барлығы Lerna.kz онлайн оқыту платформасына қол жеткізе алады.
- Кез келген кемсітушілікке жол бермейміз.
- Әділеттілік пен тең мүмкіндіктер қағидаты – жұмысқа қабылдаудан бастап мансаптық өсу мен еңбекақы төлеуге дейінгі барлық кезеңдерде сақталады.
- Қызметкерлер үшін бәсекеге қабілетті жалақысы бар, жайлы кеңселер мен жақсы еңбек жағдайлары бар лайықты жұмыс орындарын құрамыз. Осылайша, олардың дамуына және өмір сапасын арттыруға ықпал етеміз.
- Біздің команда мемлекет қазынасына салық төлеушілердің қатарында.
- Біз жасыл энергетикаға байланысты жобаларды қаржыландыру арқылы көміртек ізін азайтуға көмектесеміз.
- Экологиялық таза технологияларға инвестицияны ынталандыратын «жасыл» өнімдерді әзірлеуді жоспарлап отырмыз.
- Altyn Bank – клиенттерге өнімдер мен қызметтерді онлайн ұсынатын Қазақстандағы цифрлық банк.
- Басты артықшылықтарымыз – қызметтердің 24/7 қолжетімділігі, икемді шарттар және инновациялық цифрлық мүмкіндіктер.