Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
  • Жеке тұлғаларға
  • Бизнеске
Мерзімі өткен берешекті реттеу
Қайта құрылымдау

объективті және расталған қаржылық қиындықтар болған жағдайда қаржылық жүктемені уақытша азайту мақсатында несие шарттарын өзгерту.

Қайта құрылымдауды ұсыну шарттары:
Қайта құрылымдауға қашан жүгінуге болады?

Егер Сіздің қаржылық жағдайыңыз уақытша нашарлаған жағдайда (табыстың төмендеуі, жұмыссыз қалу, уақытша еңбекке жарамсыздық және т.б.) қайта құрылымдауға  өтініш беруге болады.

Банкке өтінішті қалай беруге болады?

Өтінішті келесі тәсілдер арқылы беруге болады:

  • Altyn-i мобильді қосымшасы арқылы жеке кабинетте:

1.Өз несиеңізді таңдап, «Әрекеттер» бөліміне өтіп, одан әрі «Ішінара өтеу» тармағын таңдап, қажетті ақпаратты толтыру;

2.«Мәзір» бөліміне кіріп, «Қолдау» → «Басқалары» тармағын таңдап, еркін нысанда өтініш толтырып, құжаттарды тіркеу.

  • Электрондық пошта арқылы: info@altyn-i.kz және info@altynbank.kz мекенжайларына өтініш жолдау. 
  • Банк бөлімшесі арқылы тікелей өтініш беру.

Өтініштерді қарау мерзімі 15 күнтізбелік күнді құрайды.

Банкке қандай құжаттарды ұсыну қажет?

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 61-бабының 2-тармағына сәйкес, Сіз Банкке жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз. Өтініште мерзімі өткен берешектің туындау себептерін, ағымдағы табыстар туралы мәліметтерді, сондай-ақ несие бойынша міндеттемелерді орындауға әсер ететін өзге де мән-жайларды көрсету қажет.Қоса берілетін құжаттар өтініште көрсетілген мән-жайларды растауы тиіс.

Банк өтінішті қалай қарастырады?

Сіздің өтінішіңіз бен қоса берілген құжаттар, сондай-ақ анықталған мән-жайлар негізінде Банк Сіздің қаржылық және әлеуметтік жағдайыңызға кешенді талдау жүргізеді және алынған мәліметтерге сүйене отырып, несие берешегін реттеу нұсқаларын қарастырады.

Несиені қайта құрылымдау мәселелесі бойынша Сіздің өтінішіңізді қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, банк омбудсманына жүгінуге құқылысыз.

Өтінішті банк омбудсманының ресми сайты арқылы беруге болады:https://bank-ombudsman.kz ( «Өтініш беру» бөлімі).

Анықтама алу үшін байланыс нөмірлері:

+7 771 929 33 33,

+7 (708) 983-30-16 (WhatsApp).

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, келесі байланыс нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:+7 727 356 57 77 (тілді таңдағаннан кейін 3 (несиелер), одан әрі 6 (реструктуризация) батырмасын басыңыз).

Кейінге қалдыру кезеңінде сыйақы есептеле ме?

Берілген қайта құрылымдау кезеңі үшін банк сыйақы есептейтін болады (шарт бойынша номиналды мөлшерлемеге сүйене отырып есептелген).

Сіздің қаржылық жағдайыңыздың нашарлау фактісі расталмаған жағдайда , банк қайта құрылымдаудан бас тартуы мүмкін.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз:

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, келесі байланыс нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: +7 727 356 57 77 (тілді таңдағаннан кейін 3 (кредиттер), одан кейін 6 (қайта құрылымдау) батырмасын басыңыз).

Борышкердің Банк несие шарты бойынша міндеттемелерін орындамауының салдары

Банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Нотариат туралы» заңдарының талаптарына, сондай‑ақ «Altyn Bank» АҚ‑ның (ЕБ China CITIC Bank Corporation Ltd) бөлшек клиенттеріне арналған банктік қызмет көрсетудің кешенді шартының талаптарына сәйкес әрекет етеді.

1.Сотқа дейінгі реттеу.

Банк Борышкерге: мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттілігі туралы талаптар мен хабарламаларды;белгіленген мерзімдерде берешекті ерікті түрде реттеу жөніндегі ұсыныстарды жолдайды.

2. Айыппұл (тұрақсыздық айыбы) есептеу.

Несие шартының талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Банк міндеттемелерді орындау мерзімдерін бұзғаны үшін айыппұлдарды және (немесе) өсімпұлды есептеуді жүзеге асырады.

3. Ақшалай қаражатты өндіріп алу.

Банк заңнамамен белгіленген шектерде Борышкердің банк есеп-шоттарындағы ақшалай қаражатқа өндіріп алуды қолдануға құқылы.

4. Атқарушылық жазба тәртібімен өндіріп алу.

Мерзімі өткен берешек өтелмеген жағдайда Банк:

•мерзімі өткен негізгі қарыз сомасын өндіріп алу туралы атқарушылық жазба жасау жөнінде нотариусқа өтініш беруге;

•атқарушылық жазбаны мәжбүрлеп орындату үшін Жеке сот орындаушысына ұсынуға құқылы.

Борышкер атқарушылық жазбаға Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде, атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа жазбаша қарсылықтар беру арқылы даулауға құқылы.

5. Сот тәртібімен өндіріп алу.

Атқарушылық жазба күшін жойған жағдайда Банк:

•берешекті өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге;

•сот шығындарын, оның ішінде мемлекеттік бажды және өзге де шығыстарды өтеуді талап етуге;

•Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қарыз алушының мүлкіне өндіріп алуды қолдануды бастауға құқылы.

6. Талап ету құқығын беру.

Қосымша хабарлаймыз, Банк:

•Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәртіппен және шарттарда мерзімі өткен несиелік шарттар бойынша талап ету құқықтарын үшінші тұлғаларға беруге;

•осындай беру шеңберінде Қарыз алушы және/немесе несие туралы қажетті ақпарат пен құжаттарды беруге құқылы.