Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
  • Жеке тұлғаларға
  • Бизнеске
Altyn Bank пен Жолаушылар тасымалы саяхатшыларға 25% дейін пайда беретін карта шығарды
28.08.2025

"Altyn Bank" АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ) "Жолаушылар тасымалы" АҚ бірлесіп, теміржол қызметін жиі қолданатын жолаушылар үшін Altyn Express деп аталатын жаңа цифрлық төлем картасын іске қосты.  

Аталмыш карта иелері "Жолаушылар тасымалы" АҚ барлық стандартты және қала маңындағы бағыттарға қатынайтын пойыздарына, соның ішінде "Тальго" пойыздарының билеттеріне де 20% жеңілдік ала алады. Сондай-ақ, бүкіл елдердегі пойыздар, автобустар, метро және таксилердің жолақысын төлеген кезде 5% cashback беріледі.

Бұл үшін бар болғаны банктың Altyn-i мобильді қолданбасын жүктеп,  қосымшаға тіркеліп, "Карталар" бөлімінен Altyn Express картасын таңдау қажет немесе картаны ҚТЖ сайтынан да онлайн ашуға болады. Карта келесі жұмыс күні жылдық қызметі үшін 10 999 теңге төлегеннен кейін бірден іске қосылады. Комиссияны төлеу үшін картаға қажетті соманы салу керек, жүйе бұл ақшаны автомат түрде бірден төлем ретінде алады. Кейін "Жолаушылар тасымалы" АҚ клиентке арнайы нөмір береді. Клиент сол нөмір арқылы жеңілдігі бар билеттерді сатып ала алады. Бұл нөмір Altyn-i мобильді қосымшасында көрініп тұрады.

Altyn Express картасының негізгі артықшылықтары:

  • Карта иесіне теміржол билеттері үшін 20% жеңілдік беріледі (пойыздардың тізімі Банктың сайтында жазылған).
  • Пойыз, метро, автобус, такси сияқты транспорт арқылы қатынап, жолақысын карта арқылы төлесе, соманың 5%-ы кешбэк ретінде қайтарылады (терминал арқылы немесе онлайн төлем кезінде).
  • Картадан кез келген банкомат арқылы айына 1 миллион теңгеге дейін қолма-қол ақшаны комиссиясыз шешіп алуға болады.
  • Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay арқылы төлем жасауға мүмкіндік бар.

"Біз жолаушыларға жай ғана банк картасын емес, ақшасы мен уақытын үнемдейтін, қосымша мүмкіндіктер беретін құрал ұсынғымыз келді. Тұтынушы тек қаржылай қызмет емес, брендтен нақты пайда күтетін заманда Altyn Express картасы жолға жиі шығатын клиенттердің сапарын тиімді етеді. Әсіресе, бұл мобильділік артқан кезде және сұраныс көп маусымда ыңғайлы", – деді "Altyn Bank" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Динара Арслан.

Жеңілдікті қалай пайдалану керек?

  • Билет сатып алар кезде жеңілдік нөміріңізді көрсетіңіз.
  • Билетті Altyn-i мобильді қосымшасы арқылы алсаңыз, жеңілдік автоматты түрде қолданылады.
  • Билетті www.bilet.railways.kz сайтынан немесе ҚТЖ билеттері (Android) қосымшасынан алсаңыз, "карта нөмірі" деген жерге жеңілдік нөмірін жазу қажет.

"Ұлттық тасымалдаушы — "Жолаушылар тасымалы" АҚ арқылы жыл сайын 13,5 миллион жолаушы қатынайды, ал біздің жолаушылар үшін баға әлі шешуші фактор болып саналады. Altyn Bank-пен бірлескен ынтымақтың арқасында біз қызмет сапамызды түсірмей, жолаушыларға қаржысын үнемдеуге мүмкіндік бере аламыз", — деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ Басқарма төрағасы Ануар Ахметжанов.

Бөлімге оралу