Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
  • Жеке тұлғаларға
  • Бизнеске
«Сәтті төлем» науқаны

Несие, қайта қаржыландыру немесе ипотека рәсімдеп, ішінара мерзімінен бұрын өтеуге 500 000 ₸ дейін ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз.

Өткізу кезеңі: 01.06 - 30.11.2026.

Өтінім жолдау
Сіздің несиеңіз азаюы мүмкін
Altyn Bank-тен несиені ішінара мерзімінен бұрын өтеуді ұтып алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Науқанға қатысыңыз
Altyn-i арқылы несие немесе ипотека рәсімдеңіз.
6 ай бойы ұтыс ойындары
Акция қатысушылары арасында несиені ішінара мерзімінен бұрын өтеуге арналған сомалар ай сайын ойнатылады.
Несиені өтеу мүмкіндігі
Қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеуге 500 000 ₸ дейін ұтып алыңыз.
Науқанға қалай қатысуға болады?
1
Өнімді рәсімдеңіз

Несиеге, қайта қаржыландыруға немесе ипотекаға өтінім беріңіз.

2
Науқанға қатысушысы болыңыз

Рәсімделген барлық өнімдер ұтыс ойынына автоматты түрде қатысады.

3
500 000 ₸ дейін несиені азайту мүмкіндігін алыңыз

Жеңімпаздар ай сайын 100 000 ₸, 200 000 ₸, 300 000 ₸, 400 000 ₸ немесе 500 000 ₸ сомасына қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігін алады.

Науқан ережелері

Несие рәсімдеп, ішінара мерзімінен бұрын өтеуді ұтып алыңыз
Кепілсіз несие
Кез келген мақсатқа тұтынушылық несиені дәл қазір алыңыз
Сома
8 млн ₸ дейін
Мерзім
60 айға дейін
Қайта қаржыландыру
Несиені Altyn Bank-ке ауыстырып, артық төлемді азайтыңыз
Сома
8 млн ₸ дейін
Қайта қаржыландыру
10 қарызға дейін
Кепілді несие
Сома
50 млн ₸ дейін
Мерзім
120 айға дейін
Ипотека
Сома
175 млн ₸ дейін
Мерзім
240 айға дейін
Кеңес алуға өтінім
Өтінім бойынша шешім жасына, ресми жалақысына және зейнетақы аударымдарына қарай жеке тәртіппен қабылданады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Ішінара мерзімінен бұрын өтеу (ІМБӨ) дегеніміз не?

Ішінара мерзімінен бұрын өтеу (ІМБӨ) — несиені мерзімінен бұрын ішінара өтеу түрі, бұл кезде негізгі борыш сомасы азайып, несиелік жүктеме төмендейді. Акция аясында қатысушылар банк есебінен 500 000 теңгеге дейінгі сомаға қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеуді ұтып алып, өз несиесін азайту мүмкіндігіне ие болады.

Науқанға кімдер қатыса алады?

Науқанды өткізу кезеңінде Altyn-i арқылы кепілсіз несие, кепілмен қамтамасыз етілген несие немесе ипотека рәсімдеген клиенттер қатыса алады.

Қандай сыйлықтар ойнатылады?

Қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеуге арналған келесі сомалар ойнатылады: 100 000 ₸, 200 000 ₸, 300 000 ₸, 400 000 ₸ және 500 000 ₸.

Науқанға қалай қатысуға болады?

Altyn-i қосымшасы арқылы несие немесе ипотека рәсімдеп, ұтыс ойыны өткізілетін сәтте белсенді қарызыңыз болуы қажет.

Бірнеше рет ұтуға бола ма?

Жоқ. Жеңімпаз келесі акция ұтыс ойындарына қатысудан шығарылады.

Өтелген несиелер қатыса ма?

Жоқ. Ұтыс ойыны өткізілетін сәтте несие белсенді болуы, мерзімі өткен берешегі болмауы және қайта құрылымдау рәсімінде тұрмауы тиіс.

Altyn-i қосымшасын жүктеп алыңыз
Жылдам тіркеуден өтіңіз
Несие, қайта қаржыландыру немесе ипотека алыңыз
Акцияға қатысып, қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігіне ие болыңыз.
Борышкердің Банк несие шарты бойынша міндеттемелерін орындамауының салдары

Борышкердің Банк несие шарты бойынша міндеттемелерін орындамауының салдары

Банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Нотариат туралы» заңдарының талаптарына, сондай‑ақ «Altyn Bank» АҚ‑ның (ЕБ China CITIC Bank Corporation Ltd) бөлшек клиенттеріне арналған банктік қызмет көрсетудің кешенді шартының талаптарына сәйкес әрекет етеді.

1.Сотқа дейінгі реттеу.

Банк Борышкерге: мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттілігі туралы талаптар мен хабарламаларды;белгіленген мерзімдерде берешекті ерікті түрде реттеу жөніндегі ұсыныстарды жолдайды.

2. Айыппұл (тұрақсыздық айыбы) есептеу.

Несие шартының талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Банк міндеттемелерді орындау мерзімдерін бұзғаны үшін айыппұлдарды және (немесе) өсімпұлды есептеуді жүзеге асырады.

3. Ақшалай қаражатты өндіріп алу.

Банк заңнамамен белгіленген шектерде Борышкердің банк есеп-шоттарындағы ақшалай қаражатқа өндіріп алуды қолдануға құқылы.

4. Атқарушылық жазба тәртібімен өндіріп алу.

Мерзімі өткен берешек өтелмеген жағдайда Банк:

•мерзімі өткен негізгі қарыз сомасын өндіріп алу туралы атқарушылық жазба жасау жөнінде нотариусқа өтініш беруге;

•атқарушылық жазбаны мәжбүрлеп орындату үшін Жеке сот орындаушысына ұсынуға құқылы.

Борышкер атқарушылық жазбаға Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде, атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа жазбаша қарсылықтар беру арқылы даулауға құқылы.

5. Сот тәртібімен өндіріп алу.

Атқарушылық жазба күшін жойған жағдайда Банк:

•берешекті өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге;

•сот шығындарын, оның ішінде мемлекеттік бажды және өзге де шығыстарды өтеуді талап етуге;

•Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қарыз алушының мүлкіне өндіріп алуды қолдануды бастауға құқылы.

6. Талап ету құқығын беру.

Қосымша хабарлаймыз, Банк:

•Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәртіппен және шарттарда мерзімі өткен несиелік шарттар бойынша талап ету құқықтарын үшінші тұлғаларға беруге;

•осындай беру шеңберінде Қарыз алушы және/немесе несие туралы қажетті ақпарат пен құжаттарды беруге құқылы.