Банк ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөледі және өз қызметінде өз сервистерінің қорғалу деңгейін және клиенттерінің дербес деректерінің бүтіндігін барынша арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Клиенттеріміздің сенімі – басты басымдығымыз!
Алайда ақша аударымдарының ыңғайлылығы мен қолжетімділігі алаяқтарды айналып өткен жоқ. Қазіргі заманғы алаяқтар ең басты осалдықты – адам психологиясын пайдаланады. Алаяқтық тәсілдер алуан түрлі болуы мүмкін: мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының немесе банктердің жалған қызметкерлерінің қоңырау шалуы, бейтаныс сілтемені басу, Интернеттегі мезі қылатын ұсыныстар, т.б. Өз қауіпсіздігіңіз өз қаржылық және ақпараттық сауатыңызға тікелей байланысты екенін естен шығармау керек. Белгілі бір жағдайда шалыс әрекетке бару, тіпті ешбір әрекет жасамау жағымсыз салдарларға әкеліп соғуы және шығынға ұшыратуы мүмкін.
Біз Сізге алаяқтарды қалай оңай анықтауға болатыны туралы кейбір кеңестер дайындадық. Қырағы әрі сақ болыңыз!
- Егер Сізге картаңыз бойынша рұқсат етілмеген операциялар туралы немесе Сіздің атыңызға заңсыз несие рәсімдеу туралы хабарласа және оны «алып тастау» мақсатында Сізден «айналы» (дәл сондай) несие рәсімдеуді өтінсе, олар – алаяқтар.
- Егер ұялы телефоныңызға Any Desk және RustDesk қолданбаларын орнатуды/жүктеуді өтінсе, олар – алаяқтар.
- SMS/Push хабарламалардағы қауіпсіздік кодтарын, 3DSecure кодын, Altyn-I қашықтан банк қызметтерін көрсету қолданбасының кілтсөзін сұраса, олар – алаяқтар.
- Егер қоңырау шалу кезінде Сізден төлем картаңыздың деректемелерін (толық нөмірі, жарамдылық мерзімі, CVV/CVC, ПИН-код) сұраса, олар – алаяқтар.
Деректеріңізді алаяқтардан қорғау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
- Күдікті қоңырау түссе, дереу сөйлесуді тоқтатып, болған оқиға туралы банктің төлем картасының артқы жағында көрсетілген телефон нөміріне хабарласыңыз немесе банк филиалына барыңыз. Біздің қызметкерлер әрі қарайғы қадамдарды түсіндіреді.
- Интернетте картамен төлеу кезінде абай болыңыз. Төлем картасының нөмiрiн, оның жарамдылық мерзiмiн және үш таңбалы кодын (CVV/CVC), SMS-хабарламадағы кодты ешқашан кепiлдi жүлделер мен сауалнамаларға қатысу үшін, оның iшiнде тиімді «инвестициялық жобаларға» қатысу үшiн тексерiлмеген сайттарда енгiзбеңіз.
- Карталарыңызды әмияныңызға немесе күңгірт қапшыққа салып жүріңіз. Соңғы бiрнеше жылда карталарды телефонға арналған мөлдір тыстарға салып қою сәнге айналды. Егер CVC коды көрінбесе, онда қауіп жоқ деп ойлатын боларсыз. Бірақ іс жүзінде кейбір сайттар картаның тек алдыңғы жағында орналасқан деректерді (карта нөмірі, жарамдылық мерзімі және иесінің аты-жөні) пайдалана отырып-ақ төлем жасауға мүмкіндік береді.
- SMS\Push хабарламаларды Altyn-I қашықтан банк қызметтерін көрсету қолданбасында қосып қойыңыз («Мәзір» бөлімі – «Баптаулар» - «Хабарламалар»)
- Карта бойынша шектер мен шектеулер орнатыңыз («Шоттар» бөлiмi – «Карталар» - «Картаны басу» - «Операциялар» - «Барлығы» - «Лимиттер»).
- Бейтаныс бағдарламалар мен қолданбаларды, әсіресе, егер олар ресми ресурстардан жүктелмеген болса, орнатпаңыз.
Алаяқтарға дербес деректеріңізді беріп қойсаңыз, не істеу керек?
- Егер алаяқтарға өзіңіз және картаңыз туралы құпия ақпаратты беріп қойсаңыз, онда ұялы банкингтегі аккаунтыңызды (логиніңізді) және барлық белсенді карталарыңызды бұғаттау үшін банктің төлем картасының артқы жағында көрсетілген телефон нөміріне дереу хабарлау керек, сондай-ақ құқық қорғау органдарына хабарласу қажет!
Қате аударым: ақшаны қалай қайтарып алуға болады
Егер ақша басқа біреудің телефон нөміріне жіберілсе немесе алушының карта нөмірінде қате жіберсеңіз, не істеу керек?
Сіз телефон нөмірі бойынша төлем жасадыңыз, бірақ нөмірді қате тердіңіз. Алушыға хабарласып, аударымды қателесіп жасағаныңызды түсіндіріп көріңіз, оған түскен соманы қайтаруды өтініңіз. Алушы жағдайыңызды түсініп, ақшаны кері аударым арқылы қайтаруы мүмкін.
Егер Сіз қате картаға немесе шотқа ақша жіберсеңіз, банкке хабарласып, бәрін түсіндіріп, ақшаны қалай қайтаруға болатынын білуіңіз қажет. Мұндай жағдайда банк төлемді біржақты тәртіпте кері қайтарып ала алмайды. Көбіне дұрыс көрсетілмеген банк шотына аударым сәтті жіберілсе, онда ақшаны алушының келісімімен ғана қайтарып алуға болады.
Егер ақшаны аудару әлі жүріп жатса, онда операцияны болдырмауға болады. Қате жіберсеңіз және жоқ банк деректемелерін енгізсеңіз, төлем жасалмайды және ақша автоматты түрде қайтарылады.
Егер алушы ақшаңызды қайтарудан бас тартса, ал сома қомақты болса, сотқа талап арыз беруге болады. Бірақ бұл процедура уақытыңызды, шыдамыңызды, материалдық ресурстарыңызды қажет ететінін айқын түсінуіңіз қажет. Әділеттік орнату үшін сотқа әлгі соманы қателесіп жібергеніңізге сенімді дәлелдемелер ұсыну қажет.