Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
  • Жеке тұлғаларға
  • Бизнеске
WeChat Pay және Alipay — енді одан да жақын
Visa Direct арқылы Қытайдағы электрондық әмияндарды толықтырыңыз
Ақша аудару енді оңайырақ
Ақшаны Weixin (WeChat Pay) және Alipay электрондық әмияндарына тікелей аударыңыз
Телефон нөмірі арқылы
Әмиянға тіркелген телефон нөмірін және алушының деректерін көрсетіңіз
Кез келген уақытта
Банкке бармай-ақ, тәулік бойы ақша аударыңыз
Ақша тез түседі
Ақша 15 минуттан бір жұмыс күніне дейінгі уақыт ішінде түседі
Ақшаны қалай аударуға болады?
1
Altyn-i қосымшасын ашыңыз

«Аударымдар» бөліміне өтіп, «Қытайға» тармағын таңдаңыз.

2
Электрондық әмиянды таңдаңыз

Weixin немесе Alipay әмиянын таңдаңыз.
Әмиянға тіркелген телефон нөмірін және алушының аты-жөнін енгізіңіз.

3
Аударымды растаңыз

Аударым сомасын енгізіп, ақша алынатын картаны немесе шотты таңдаңыз және операцияны растаңыз.
Ақша аударылғаннан кейін түбіртек пен аударым мәртебесін Altyn-i қосымшасынан көре аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар
Электрондық әмиянға кім ақша аудара алады?

Altyn-i мобильді қосымшасында жеке тұлға басқа жеке тұлғаға (әмиян иесіне) ақша аудара алады.

Ақшаны кімге аударуға болады?

Alipay әмиянына ақша аудармас бұрын, алушының Қытай резиденті екеніне көз жеткізіңіз. Alipay әмиянына ақшаны тек Қытай резиденттеріне аударуға болады. Ал WeChat Pay әмиянына Қытай резиденттеріне де, бейрезиденттеріне де ақша аударуға болады.

Алушының қандай деректері қажет?

Әмиянға тіркелген телефон нөмірі және алушының латын әріптерімен жазылған аты-жөні.

«Алушыны хабардар ету» деген не?

Бұл — алушыға арналған электрондық әмиянды пайдалану ережелеріне сілтеме. Егер бұл сілтеме көрсетілсе, оны алушыға жіберіңіз. Бұл аударылған ақшаның әмиянға тезірек түсуіне көмектеседі.

Әмиян нөмірін қалай дұрыс көрсету керек?

Әмиян иесінен әмиянға тіркелген телефон нөмірін нақтылап алыңыз. Әдетте ол +86 кодынан басталады, одан кейін телефон нөмірі көрсетіледі.


Ақша қаншалықты тез түседі?

WeChat Pay немесе Alipay әмиянына алғаш рет ақша түскен кезде алушы әмиянды пайдалану шарттарын қабылдауы қажет.

Бұл қалай жүзеге асады?

  • Әмиян сервисі алушының (әмиян иесінің) телефон нөміріне пайдалану шарттарын қабылдау қажеттігі туралы SMS-хабарлама жібереді.
  • Алушы WeChat немесе Alipay қосымшасын ашып, өз әмиянына өтіп, сервистің пайдалану шарттарын қабылдауы керек.
  • Осыдан кейін сіз аударған ақша алушының әмиянына түседі.

Қайта аударған кезде ақша алушының әмиянына нақты уақыт режимінде түседі.


Қанша ақша аударуға болады?

Бір операция бойынша аударымның ең жоғары сомасы – 50 000 CNY, яғни 7 000 USD баламасына дейін.

Аударым мәртебесін қайдан тексеруге болады?

Аударым мәртебесін Altyn-i қосымшасындағы түбіртектен және аударымдар тарихынан көруге болады.


Аударымнан бас тартуға бола ма?

Аударымның күшін жою мүмкін емес екенін ескеріңіз. Мұндай жағдайда мәселені шешудің ұсынылатын жолы – алушының аударылған ақшаны өз еркімен қайтаруы.


Аударым үшін қанша комиссия алынады?

0,9%, кемінде 5 000 теңге (ҚҚС қоса алғанда).

Қытай Altyn-i-мен жақынырақ
Weixin және Alipay әмияндарына өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта ақша аударыңыз
Барлық аударымдар қолыңызда
Altyn-i қосымшасын жүктеп алып, сервисті өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта пайдаланыңыз