Altyn-i веб-нұсқасынан мобильді қосымшаға көшу
20.11.2024
Құрметті клиенттер!
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Altyn-i веб-нұсқасы қолжетімсіз болады.
Сіздерге App Store және Google Play дүкендерінде қолжетімді Altyn-i мобильді қосымшасын орнатуды ұсынамыз. Сіздер үйреніп қалған барлық функциялар мен сервистер мобильді нұсқада да бар. Ол сіздерге келесідей мүмкіндіктер береді:
- шоттарыңызға ыңғайлы және жылдам қолжетімділік;
- жоғары қауіпсіздік деңгейі;
- кез келген уақытта және кез келген жерде операцияларды орындау мүмкіндігі.
Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет!