Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
  • Жеке тұлғаларға
  • Бизнеске
Ішінара мерзімінен бұрын өтеу шарттарына енгізілген өзгерістер
01.06.2026

Клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру және Банктің процестерін жетілдіру мақсатында Банк қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтегеннен кейін төлем кестесінің қалыптастырылуына байланысты клиенттердің өтініштері мен шағымдарына талдау жүргізді.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 2026 жылғы 18 маусымнан бастап ішінара мерзімінен бұрын өтеу процесіне өзгерістер енгізу жоспарлануда. Ішінара мерзімінен бұрын өтеудің ең төменгі мөлшері бір айлық төлем сомасына тең болып белгіленеді.

Аталған өзгеріс қызмет көрсету шарттарының ашықтығын арттыруға және ішінара мерзімінен бұрын өтеу күніне есептелген сыйақы толық өтелмеген жағдайда кейінгі ай сайынғы төлемдердің ұлғаюына әкелетін жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Кері байланыс білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздердің өтініштеріңіз бен ұсыныстарыңыз Банктің өнімдерін жетілдіруге және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға көмектеседі.

Бөлімге оралу