Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
  • Жеке тұлғаларға
  • Бизнеске
«Altyn Bank» АҚ Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы
02.06.2025

Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, 2025 жылғы 2 маусымынан бастап «Altyn Bank» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына Мұрат Байсынов тағайындалды. Ол бұл қызметте Марат Альменовты алмастырды.  

Мұрат Байсынов Қазақстан Республикасының қаржы секторында 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие. 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заң департаментінде жұмыс істеген. 2004–2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің заң департаментінің директоры болған.  2007–2011 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2011–2012 жылдары – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ атынан ұлттық қаржылық институттардың директорлар кеңестеріндегі өкіл болған. 2012–2013 жылдары – «Темірбанк» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарған. 2014 жылы – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның бас заңгерлік кеңесшісі. 2014 жылғы қараша айынан бастап «Altyn Bank» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі қызметін атқарып келеді.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

«Алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер – Altyn Bank-тің тұрақты және үдемелі дамуын қамтамасыз ету. Бұл ретте цифрлық трансформацияға, қызмет көрсету сапасына және нарықтағы үлесті арттыруға ерекше назар аударылады. Сенімділік, ашықтық және клиенттердің қажеттіліктеріне бағдарлану – біздің басты бағыттарымыз болып қала береді», – деп атап өтті «Altyn Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Мұрат Байсынов.

Банк басқару командасын күшейту аясында Динара Арслан «Altyn Bank» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Оның жауапкершілік аймағына бөлшек бизнес пен цифрлық банкингті дамыту кіреді. Динара Арсланның банк секторында 20 жылдық тәжірибесі бар және Қазақстанның қаржы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше кәсіби марапаттарға ие болған. Бұған дейін ол Altyn Bank-тің Бөлшек бизнес блогының Басқарушы Директоры қызметін атқарған.

Кадрлық тағайындаулар тұрақты өсу стратегиясын, цифрлық трансформацияны жүзеге асыруға және Altyn Bank-тің нарықтағы позициясын одан әрі нығайтуға бағытталған.


 


Бөлімге оралу