«Altyn Bank» АҚ China Citic Bank Corporation Limited ЕБ (бұдан әрі-Банк) заманауи төлем сервистерін дамытуды жалғастыруда. Банк елімізде алғашқылардың бірі болып Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы (ҰЦҚИ) негізінде құрылған банкаралық бірыңғай QR жүйесіне қосылған болатын.
19 шілдеден бастап бірыңғай QR Қазақстанның барлық екінші деңгейлі банктері үшін ортақ стандартқа айналады.
Соның арқасында Altyn Bank клиенттері сатушыға қызмет көрсететін банкке қарамастан, сауда орындарында QR-код арқылы төлем жүргізе алады. Бұған дейін әр банк өзінің жеке QR жүйесін қолданатын, сондықтан бір банктің QR-кодын басқа банктің мобильді қосымшасы арқылы сканерлеу мүмкін болмады. Нәтижесінде клиенттер бірнеше банктің мобильді қосымшасын пайдалануға, өз шоттары арасында қаражат аударуға немесе төлемнің басқа тәсілдерін таңдауға мәжбүр болатын.
Мұндай модель бизнес үшін де қосымша шығындарға әкелетін. Кәсіпкерлерге әртүрлі банктердің бірнеше POS-терминалын орнатып, олардың әрқайсысына қызмет көрсету ақысын төлеуге және төлем қабылдау бойынша әртүрлі тарифтерді ескеруге тура келетін.
Бірыңғай QR бұл шектеулерді жойып, барлық банктер үшін ортақ төлем стандартын қалыптастырады. Енді клиент сауда нүктесіне қай банк қызмет көрсететініне қарамастан, өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеп төлем жасай алады. Ал кәсіпкерлерге әртүрлі банктердің клиенттерінен төлем қабылдау үшін бір ғана терминал жеткілікті болады.
Төлем жасау үшін Altyn-i мобильді қосымшасын ашып, QR-кодты сканерлеу жеткілікті.
2026 жылдың 17 шілдедегі жағдайы бойынша банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне (БМТЖ) қатысатын 15 ұйым бірыңғай QR жүйесіне қосылды. Соның нәтижесінде Altyn Bank және жүйеге қатысушы басқа банктердің клиенттері сауда нүктесіне қызмет көрсететін банкке қарамастан, бірыңғай QR арқылы сатып алуларының ақысын төлей алады.