Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
  • Жеке тұлғаларға
  • Бизнеске
Елена Бахмутова Altyn Bank Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры болып сайланды
22.06.2026

2026 жылдың 15 маусымындағы акционерлердің шешіміне сәйкес Елена Леонидовна Бахмутова «Altyn Bank» АҚ China Citic Bank Corporation Limited ЕБ (бұдан әрі-Банк) Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры болып сайланды.

Елена Бахмутова қаржы секторында және мемлекеттік реттеу саласында көпжылдық тәжірибеге ие. 2001–2002 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған.

Кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржылық қадағалау департаментін басқарды, ал 2004–2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары, кейіннен төрағасы болды.

Елена Бахмутованың кәсіби қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы сияқты ұйымдардағы басшылық лауазымдарды, сондай-ақ БТА Банк, «Қазпошта» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры сияқты еліміздің ірі қаржы және мемлекеттік институттарының директорлар кеңестеріндегі қызметті қамтиды.

Қазіргі уақытта Елена Бахмутова Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы болып табылады.

Бөлімге оралу