Құрбан айтқа байланысты жұмыс кестесі
03.06.2025
Құрметті Клиент!
«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) сізге ынтымақтастық үшін алғысын білдіреді!
Осы арқылы Құрбан айт мерекесіне байланысты 2025 жылғы 06 маусым демалыс күні болып табылатынын хабарлаймыз.
Төмендегі мағлұматтарды ескеруіңізді сұраймыз:
- ақша аударымдары 05 маусым күні операциялық уақыттан кейін қабылданған (Астана уақытымен 17.00 ) валюталау күні қойылмаған жағдайда, барлық ақша аударымдары сәйкесінше 09 маусым күні өңделетін болады;
- ақша аударымдары 05 маусым күні операциялық уақыттан кейін қабылданған валюталау күні қойылған барлық ақша аударымдары ағымдағы күні Банк тарифі бойынша қосымша комиссиямен өңделетін болады.
Операцияларыңызды жоспарлау кезінде, осы өзгерістерді ескеруіңізді сұраймыз.
Егер сіздің қандай да бір сұрақтарыңыз болса, қызмет көрсету менеджеріңізбен байланысуды ұсынамыз customerservice@altynbank.kz.
Құрметпен,
«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd АҚ)