Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
  • Жеке тұлғаларға
  • Бизнеске
ISO 20022-ге көшуге байланысты төлемдерді ресімдеу және орындау бойынша маңызды ақпарат
19.11.2026

Құрметті клиенттер!

ISO 20022 халықаралық стандарттарына көшу аясында төлемдердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында (көшу 23.11.2026 ж. жоспарланған) сіздерден төмендегі хабарламаны ескерулеріңізді сұраймыз:

  • Халықаралық аударымдар бойынша төлем нұсқауларын Банкке жібергенге дейін шотта қажетті ақша қаражатының болуын алдын ала қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
  • Валюталық төлемдерді ресімдеу кезінде валюталау күнін көрсетпеулеріңізді сұраймыз. Валюталау күнінің көрсетілмеуі шотқа қаражаттың кеш түсуі, төлем бойынша ескертулердің болуы немесе қосымша тексерулер жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда, Банкке төлемді орындау мерзімін келесі операциялық күнге ауыстыруға мүмкіндік береді.
  • 20.11.2026 ж. бастап өтпелі кезеңде валюталық төлемдерді орындау мерзімін келесі операциялық күнге ауыстыру мүмкін болмайтынын назарларыңызға саламыз.

Аталған шаралар төлемдердің дұрыс әрі уақтылы өңделуін қамтамасыз етуге және оларды орындау кезінде кідірістер туындау тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған.

Түсіністік танытып, ынтымақтастық білдіргендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

Бөлімге оралу