Altyn Bank командасы Көк-Жайлау өңірінде тянь-шаньдық шыршаларды отырғызу бойынша ауқымды экологиялық науқанға қатысты.
Ғаламшарымыздың болашағына бей-жай қарамайтын жүздеген адамдарды біріктірген бастама @birch.green және @ile-alatau серіктестерімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Банк қызметкерлері, олардың отбасылары және еріктілер таңертеңнен бастап Алматы экожүйесін сақтау үшін тауға көтерілді. Біз бірге таза ауа, ұзақ ғұмыр және өмірдің белгісіне айналған жүзден астам тянь-шаньдық шырша отырғыздық.
Altyn Bank үшін мұндай бастамаларға қатысу – жай ғана игі дәстүр емес, тұрақты даму философиямыздың бір бөлігі. Біз ESG құндылықтарына сенеміз, яғни табиғатқа, адамдарға және болашаққа деген қамқорлық нақты әрекеттерден басталады.
Біз жай ғана ағаш отырғызбаймыз – қаланың тынысын ашатын, саф таза ауаны сақтағымыз келеді.
Фото: Фотосуреттерді қарау