Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
  • Жеке тұлғаларға
  • Бизнеске
Банк секторының болашағы: ірі банктердің мамандары, кеңесшілер мен бизнес сарапшылар ESG стандарттарын енгізудің тәжірибелік қадамдарын талқылады
28.11.2025

Алматыда «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd еншілес компаниясы) ұйымдастыруымен, ESG және Қазақстанның қаржы секторына тұрақты даму қағидаттарын енгізу тәжірибесіне арналған алғашқы конференция өтті.

Іс-шараға екінші деңгейлі банктердің басшылары, салалық сарапшылары, бизнес өкілдері, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мамандары, халықаралық кеңесшілер, академиялық қауымдастық және ESG мамандары қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты – диалог орнату, тәжірибе алмасу және ESG стандарттарын енгізуге арналған бірлескен тәсілдерді әзірлеу үшін тұрақты кәсіби орта құру болды.

«ESG стратегиялық басқарудың қолданбалы бөлігіне айналуда. Банк Басқармасы ретіндегі біздің көзқарасымыз бен басымдығымыз – мүдделі тараптармен жүйелі өзара әрекеттесуді орнату, тұрақты даму мәселелері бойынша ортақ тіл табу және Қазақстандағы ESG тәжірибелерінің өсуі үшін жоғары сапалы негіз жасау болып табылады. Бұл бастаманы акционерлеріміз де қолдап отыр», - деп атап өтті «Altyn Bank» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айкимбаева Жанара.

Altyn Bank тұрақты шешімдерді дамытудың бірнеше бағыттарын анықтап отыр. Экологиялық бастамалар шеңберінде банк қоршаған ортаға жасалатын әсерді біртіндеп қысқартуда. Атап айтсақ: банкте электрондық құжат айналымы енгізілді, карталардың цифрлық эмиссиясының үлесі ұлғайтылды, яғни қолданылатын пластик көлемі азайтылды (бүгінде портфельдің 69% digital-форматта), қуат көзін үнемдейтін шешімдерді пайдалану арқылы энергияны тұтыну көлемі оңтайландырылды, шығарындыларды азайту үшін көлік паркінің бір бөлігі электромобильдерге ауыстырылды.

Әлеуметтік блокта даму басымдығы – корпоративтік мәдениет саласына бағытталды. Ол – ішкі қызметтік өсу мүмкіндіктеріне, мансапқа қолжеткізу теңдігіне және инклюзивті жұмыс ортасын құруға негізделген. Адами капиталдың тұрақтылығының негізгі факторы ретінде қызметкерлердің нендей бір іске атсалысуына ерекше назар аударылады.

Ал басқару бағыты – банктің ESG тәсілдері мен халықаралық стандарттарға сәйкес басқару қағидаттарын құруға, ашық процестерді, тұрақты тәжірибелерді және жүйелі жауапкершілікті орнатуға деген міндеттемесін көрсетеді.

Осы бағыттың бір бөлігі ретінде Altyn Bank «Pro ESG» жобасын бастады. Ол деректер жинауды, сараптамалық сессияларды және үнемі білім алмасу үшін кәсіби орта құруды қамтитын кешенді бағдарлама.

«ESG – бизнестің тұрақтылығын басқарудың тәжірибелік тәсілі. Біздің мақсатымыз – ESG стандарттарын енгізуге, деректердің сапасын жақсартуға және елдегі тұрақты қаржы нарығын нығайтуға бірыңғай тәсіл әзірлеу үшін сарапшыларды, бизнесті және реттеуші органдарды біріктіру», - деді «Altyn Bank» АҚ ESG департаментінің директоры Қалижан Қалиев.

Конференция барысында екі панельдік сессия өтті. Сондай-ақ PwC, KPMG сияқты халықаралық сарапшылар, Toyota Financial Services Kazakhstan, Air Astana сияқты бизнес өкілдері, екінші деңгейлі банктер мен корпоративтік сектордан ESG мамандары қатысқан оқыту модулінен тұрды.

Фото: Фотосуреттерді қарау

Анықтама

"Altyn Bank" АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ) – корпоративтік және жекелеген клиенттерге арналған өнімдер мен қызметтердің толық спектрі бар әмбебап коммерциялық банк. Банк жеке тұлғаларға Altyn-i цифрлық банкингі арқылы қызмет көрсетеді. Ал активтер мөлшері бойынша 13-орында. Сонымен қатар қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтерге ие (Fitch – "BBB", Moody ' s – "Ваа3"). Оның: Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Ақтау, Астанадағы халықаралық қаржылық орталығымен қоса алғанда алты филиалы бар.

ҚР АРРФР лицензиясы № 1.1.114, № 3.3.254/46 23.10.2024 ж.


Бөлімге оралу