Құрметті Клиент!
Осы арқылы «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd. ЕБ) (бұдан әрі – Банк) Сізге өз құрметін білдіреді және жеке тұлғаларға арналған жекелеген банктік қызметтер бойынша тарифтерге өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
Банктің Активтер мен пассивтерді басқару комитетінің 2026 жылғы 27 қазандағы №165 хаттамасына сәйкес 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қытай юанімен (CNY) касса арқылы шотты/картаны толықтыру үшін алынатын комиссия мөлшері өзгереді.
2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қытай юанімен (CNY) касса арқылы шотты/картаны толықтыру операциясы қолданыстағы 3,6% комиссияның орнына жарна сомасының 1% мөлшеріндегі комиссиямен (ҚҚС-пен бірге) жүзеге асырылатын болады.
Банкке білдірген сеніміңіз бен ынтымақтастығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Құрметпен,
«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd. ЕБ)