Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
  • Жеке тұлғаларға
  • Бизнеске
Altyn Bank-ке енді FinOtinish платформасы арқылы өтініш жолдауға болады
27.10.2026

Altyn Bank» АҚ China Citic Bank Corporation Limited ЕБ (бұдан әрі-Банк) қаржы нарығына қатысушылардың бастамасымен және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен құрылған FinOtinish цифрлық платформасы арқылы өтініш жолдау мүмкіндігі туралы хабарлайды.

FinOtinish – қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен қаржы ұйымдарының өзара байланысына арналған бірыңғай цифрлық платформа. Оның көмегімен Altyn Bank клиенттері банктік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер, соның ішінде даулы жағдайлар бойынша өтініш жолдап, олардың қаралу барысын онлайн бақылай алады.

Платформа қалай жұмыс істейді?

Өтініш жолдау үшін https://finotinish.kz/ платформасына кіріп, Altyn Bank-ті таңдап, тиісті нысанды толтыру қажет. Өтініш қабылданып, Банкке жіберіледі.

Егер мәселе қаржы ұйымымен тікелей шешілмесе, платформа арқылы өтінішті банк омбудсманына оның құзыреті шегінде жолдауға болады.

Ыңғайлы әрі ашық байланыс арнасы

FinOtinish платформасын пайдалану ерікті әрі тегін. Платформа қолданыстағы кері байланыс арналарына қосымша мүмкіндік береді. Бұл ретте клиенттердің заңнамада белгіленген тәртіппен e-Otinish жүйесі арқылы Агенттікке, банк омбудсманына немесе сотқа жүгіну құқығы толық сақталады.

Ал банктік өнімдер мен қызметтер туралы анықтамалық ақпарат пен кеңес алу үшін клиенттер Altyn Bank-тің ресми байланыс арналарын бұрынғыдай пайдалана алады:

  • Байланыс орталығы: +7 (727) 356-57-77 (жеке тұлғалар үшін) және +7 (727) 259-69-22 (заңды тұлғалар үшін);
  • Ресми сайт: https://altynbank.kz/;
  • Altyn-i мобильді қосымшасы;
  • Instagram парақшасы: @altynbank.kz.
Бөлімге оралу