Банк шотын ашу, оған қызмет көрсету және корпоративтік төлем карточкасын шығару туралы заңды тұлғаға арналған шартқа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы (2026 жылғы 18 қарашадан бастап күшіне енеді)
04.11.2026
Құрметті Клиент!
Осы арқылы «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd. ЕБ) (бұдан әрі – Банк) Сізге өз құрметін білдіреді және Банк шотын ашу, оған қызмет көрсету және корпоративтік төлем карточкасын шығару туралы заңды тұлғаға арналған шартқа өзгерістер мен толықтырулардың бекітілуі туралы хабарлайды.
Банк Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2026 жылғы 30 қазандағы №17 хаттамасына сәйкес) 2026 жылғы 18 қарашадан бастап Банк шотын ашу, оған қызмет көрсету және корпоративтік төлем карточкасын шығару туралы заңды тұлғаға арналған шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енеді.
Банкке білдірген сеніміңіз бен ынтымақтастығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Құрметпен,
«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd. ЕБ)
Басқа жаңалықтар
«Altyn Bank» АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
10.11.2026
2026 жылғы 01.12-ден бастап ұлттық және шетел валютасындағы (қытай юані CNY валютасында) касса арқылы шотты/картаны толықтыру комиссиясының өзгеруі туралы.
28.10.2026
Altyn Bank-ке енді FinOtinish платформасы арқылы өтініш жолдауға болады
27.10.2026