Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
  • Жеке тұлғаларға
  • Бизнеске
Altyn Express картасы
Жеке жеңілдік
20%
Cashback
5%
Әр сапарда тиімділік сыйлайтын карта
Altyn Bank пен «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірлесіп, теміржол билеттеріне 25%-ға дейін тиімділік ұсынатын Altyn Express кобренд картасын шығарды.
Бір карта арқылы теміржол билеттеріне 20% жеңілдік (комиссияларды / алымдарды есептемегенде) пен көлікке 5% cashback алыңыз.
Билеттерге жеке жеңілдік
Картаны іске қосқаннан кейін карта иесіне ғана теміржол билеттеріне 20% жеңілдік беріледі (Жеңілдік билет құнына беріледі, қосымша комиссияларды/алымдарды есептемегенде
Карта арқылы төлем жасағанда cashback
Сапарлар үшін 5% кэшбэк: пойыздар, автобустар, метро, такси. Cashback сатып алу сомасы 1 000 теңгеден асқан жағдайда есептеледі.
Жылдам рәсімдеу және төлем
Altyn-i қосымшасында небәрі 1 минутта рәсімдеу — цифрлық картаны бірден шығару
Картаның артықшылықтары
Ыңғайлы рәсімдеу, тиімді шарттар.
Жиі сапар шегетін әрі үнемдегісі келетіндер үшін мінсіз шешім.
Жеңілдік – 20%
Теміржол билеттеріне (картаны іске қосқаннан кейін)
Cashback - 5%
Дүниежүзі бойынша көлікке (пойыздар, метро, такси, автобустар)
Қолма-қол ақша алу
1 000 000 ₸ дейін — тегін
Жылдық қызмет көрсету
10 990 ₸
Altyn Express кобренд картасын қалай ашуға болады?
Оңай, жылдам және толық онлайн — небәрі бірнеше қадамда Altyn Express картасын рәсімдеңіз
1
Altyn-i қосымшасын жүктеңіз
2
Altyn Express картасын рәсімдеңіз

«Карталар» бөлімінен картаны таңдап, шығару процесінен өтіңіз.
Жылдық қызмет көрсету үшін  10 990 ₸ төлеңіз.

3
Жеңілдік пен cashback алыңыз

Келесі жұмыс күні карта іске қосылады,
Сіз «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жеңілдік нөмірін алып, билеттерді жеңілдікпен сатып ала аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар
“Altyn Express” картасы деген не?

Бұл – Altyn Bank пен «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірлесіп шығарған кобренд төлем картасы. Ол теміржол билеттеріне 20% жеке жеңілдік және әлем бойынша көлікке (пойыз, метро, автобустар, такси) төлем жасағанда 5% кэшбэк береді.

Бұл картаны рәсімдегеннен кейін сізге автоматты түрде жеңілдік нөмірі тағайындалады.
Жеңілдік нөмірі Altyn-i мобильді қосымшасындағы картаның өзінде және «Карта мәліметтері» бөлімінде көрсетіледі.

“Altyn Express” картасының қандай артықшылықтары бар?

Altyn-i мобильді қосымшасы немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ сайты арқылы теміржол билеттерін сатып алуға 20% жеке жеңілдік                                         (Жеңілдік билет құнына беріледі, қосымша комиссияларды/алымдарды есептемегенде) 

Көлікке төлем жасағанда (пойыз, метро, автобустар, такси) 5% кэшбэк — МСС-кодтар: 4121, 4131, 4112, 4111

Ай сайын 1 миллион теңгеге дейін қолма-қол ақшаны тегін алу

Байланыссыз төлем және Altyn-i мобильді қосымшасы арқылы ыңғайлы басқару

“Altyn Express” картасын қалай рәсімдеуге болады?

Толық онлайн түрде – Altyn-i мобильді қосымшасы арқылы.
Қосымшаны жүктеп алыңыз, ЖСН мен телефон нөміріңізді енгізіңіз, бейне сәйкестендіруден өтіп, жылдық қызмет көрсету ақысы үшін төлем жасаңыз.

Теміржол билеттеріне 20% жеңілдік қашан күшіне енеді?

Жылдық комиссияны төлегеннен кейінгі келесі жұмыс күні.
Сізге 13 таңбадан тұратын жеке жеңілдік нөмірі тағайындалады.

Жеңілдік нөмірі Altyn-i мобильді қосымшасындағы картаның өзінде және «Карта мәліметтері» бөлімінде көрсетіледі.

Теміржол билеттеріне жеңілдік қай жерде қолданылады?

Жеңілдік «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның барлық пойыздарына қолданылады, оның ішінде «Тальго», стандартты және қала маңындағы пойыздар бар.
Жеңілдік басқа тасымалдаушылардың немесе халықаралық бағыттардағы билеттерге қолданылмайды.

Жеңілдікті қалай пайдалануға болады?

Билет сатып алу кезінде жеңілдік нөміріңізді көрсетіңіз.
Егер билетті Altyn-i мобильді қосымшасы арқылы сатып алсаңыз — жеңілдік автоматты түрде қолданылады.
Егер билетті bilet.railways.kz сайтында немесе «Билеты КТЖ» (Android) қосымшасында сатып алсаңыз — «Карта нөмірі» өрісіне жеңілдік нөмірін қолмен енгізіңіз.

“Altyn Express” картасының бағасы қанша?

Жылдық қызмет көрсету — 10 990 ₸

Жылдық комиссияны қалай төлеуге болады?

Altyn-i қосымшасы арқылы немесе кез келген басқа картамен аудару арқылы төлеуге болады.
Төлем жасау тәсілдері:

  • Altyn-i қосымшасы арқылы;

  • басқа банктің картасынан аудару арқылы;

  • Халық банкінің кассасы немесе ақшаны қабылдайтын банкоматы (cash in) арқылы картаның шотын толтыру.

Жеңілдікті басқа жолаушылар үшін пайдалануға бола ма?

Жоқ.
Жеңілдік тек сіздің атыңызға (сіздің ЖСН-ға) рәсімделген билеттерге ғана қолданылады. Отбасы мүшелері үшін жеке карта қажет.

Егер жеңілдік қолданылмаса не істеу керек?

Жылдық комиссияны төлегеннен кейін бір жұмыс күні өткеніне көз жеткізіңіз.
Егер жеңілдік әлі де болмаса, қолдау қызметіне хабарласыңыз: 1433.

Жеңілдік қанша уақытқа жарамды?

Картаны іске қосқан сәттен бастап 12 ай бойы әрекет етеді.
Жылдық комиссия уақытылы қайта төленсе, жеңілдік мерзімі автоматты түрде тағы 12 айға ұзартылады.

Барлық пойыздарға жеңілдік беріле ме?

Жоқ, жеңілдік қолданылатын пойыздарға шектеу бар.
Жеңілдік берілетін пойыздардың тізімі осы сілтемеде көрсетілген.

Карта бойынша 5% cashback деген не?

Карта арқылы көлік қызметтеріне (пойыз, метро, автобус, такси) төлем жасағанда, сатып алу сомасының 5%-ы сізге cashback  ретінде қайтарылады (егер терминал немесе онлайн төлем қолжетімді болса). Сондай-ақ https://bilet.railways.kz/ сайтында билет сатып алған кезде (Altyn-i қосымшасында теміржол билетін сатып алған жағдайда клиентке тек дербес жеңілдік беріледі). 

Cashback сатып алу сомасы 1 000 теңгеден асқан жағдайда есептеледі.

Cashback келесі MCC-кодтары бойынша жүргізілген операцияларға есептеледі: 4121, 4131, 4112, 4111.

Cashback Қазақстан аумағында да, шетелде де әрекет етеді, егер транзакция тиісті санат бойынша жүргізілген болса.

Егер мен билетті қайтарсам не болады? Жеңілдік сақтала ма?

Иә, теміржол билеті Жолаушыларды тасымалдау қағидаларына сәйкес қайтарылады.
Бұл жағдайда жеңілдік «жойылмайды» — келесі билет сатып алу кезінде оны қайта пайдалана аласыз.

«Билеты КТЖ» қосымшасында жеңілдік қолданыла ма?

Иә.
Жеңілдік келесі платформаларда билет сатып алу кезінде әрекет етеді:

Altyn Express картасын онлайн ашыңыз
Altyn-i мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз