Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
  • Жеке тұлғаларға
  • Бизнеске
Өңір денсаулығына жасалған инвестиция: Шығыс Қазақстанда Altyn Bank қолдауымен фармацевтикалық хаб ашылды
19.08.2025

Өскемен қаласында Medservise Plus компаниясының жаңа, заманауи фармацевтикалық-логистикалық хабы ашылды. Бұл орталық енді Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарын қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді.

Ғимарат ішінде автоматты есеп жүргізу жүйелері, температуралық бақылау, заманауи технологиямен жабдықталған қоймалар бар. Жалпы аумағы 7 мың шаршы метрді құрайтын кешенде дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және жеткізу үшін барлық жағдай жасалған.

 «Фармацевтикалық саладағы сапалы логистикалық инфрақұрылым халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігіне тікелей әсер етеді. Біз осындай маңызды жобаның қаржылық серіктесі болғанымызға қуаныштымыз. Бұл хаб өңірдегі дәрі-дәрмек жеткізу тізбегінің ең негізгі буынына айналады», – деді «Altyn Bank» АҚ Басқарушы директоры Алика Суртаева.

Кешендегі температура мен жарық деңгейі толық автоматты түрде реттеліп, мыңдаған дәрілік препарат қауіпсіз жағдайда сақталады. Жаңа орталық облыс орталығынан бөлек, шалғайдағы ауылдар мен аудандық ауруханаларға, емханалар мен дәріханалар желісіне дәрі-дәрмекті үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етпек.

«Жаңа хаб ең алдымен өңір тұрғындарының денсаулығына бағытталған инвестиция. Біз осы орталық арқылы «СК-Фармациядан» және өзге жеткізушілерден алатын дәрі-дәрмекті халыққа жылдам жеткізіп отырамыз», – деп атап өтті ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар. 

Medservise Plus компаниясы жобаны іске асыру Банктің қолдауының арқасында мүмкін болғанын атап өтті. Жоба Altyn Bank-тің өңірлік экономиканы дамытуға, жұмыс орындарын құруға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған бастамаларды қаржыландыру жөніндегі стратегиялық миссиясы шеңберінде іске асырылды.

Бұл Өскеменде құрылған индустриялық аймақтың негізгі нысаны. Фармацевтикалық хабта 100 жергілікті маман қызмет көрсетеді, бұл аймақ үшін жаңа жұмыс орындарын ашады. Жақын арада маңайында тағы бірнеше өндірістік кәсіпорын ашылмақ. Мемлекет есебінен жаңа жолдар салынып, барлық қажетті инфрақұрылым қамтамасыз етілетін болады, бұл өңірдің бизнесі мен тұрғындары үшін дамудың жаңа қарқыны болмақ.

Бөлімге оралу