Құрметті Клиент!
«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) сізге ынтымақтастық үшін алғысын білдіреді!
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізді келе жатқан Республика күнімен (25 қазан) құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 25 қазан демалыс күніне (сенбіге) сәйкес келгендіктен, мереке күні 27 қазанға (дүйсенбіге) ауыстырылады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты 2025 жылғы 25, 26, 27 қазан күндері демалыс күндері болып есептеледі.
Төмендегі мағлұматтарды ескеруіңізді сұраймыз:
- 24 қазан күні операциялық уақыттан кейін қабылданған валюталау күні қойылмаған барлық ақша аударымдары сәйкесінше келесі операциялық күнде 28-ші қазан 2025 жылында өңделетін болады;
- 24 қазан күні операциялық уақыттан кейін, 17:00-ге дейін қабылданған валюталау күні қойылған барлық ақша аударымдары ағымдағы күні Банк тарифі бойынша қосымша комиссиямен өңделетін болады.
Операцияларыңызды жоспарлау кезінде, осы өзгерістерді ескеруіңізді сұраймыз.
Егер сіздің қандай да бір сұрақтарыңыз болса, қызмет көрсету менеджеріңізбен байланысуды ұсынамыз customerservice@altynbank.kz.
Құрметпен,
«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd АҚ)