Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
  • Жеке тұлғаларға
  • Бизнеске
"Берешекті есептен шығару" туралы ақпарат бойынша ресми түсініктеме
12.01.2026

"Altyn Bank" АҚ әлеуметтік желілерде таралып жүрген кредиттерді кешіру немесе автоматты түрде есептен шығару туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

Қазіргі уақытта елімізде кредиттік берешекті жаппай есептен шығару немесе кешіру бағдарламалары іске асырылып жатқан жоқ және жоспарланбаған. Мемлекеттік органдар, реттеуші немесе банк қауымдастығы тарапынан тиісті шешімдер қабылданбады.

Осы ретте клиенттердің назарын кредиттік берешекке байланысты кез келген мәселелер тек қолданыстағы заңнама және реттеудің стандартты рәсімдері шеңберінде қаралатынына аударамыз.

"Altyn Bank" АҚ клиенттерге берешекті жеке тәртіппен реттеу мүмкіндігін ұсынады, соның ішінде:

  • берешекті қайта құрылымдау;
  • төлем кестесін өзгерту;
  • Банктің ішкі рәсімдерінде және заңнама талаптарында көзделген өзге де шаралар.

Кредиттік міндеттемелер мәселелері бойынша ресми ақпарат пен кеңес алу үшін клиенттерге ресми байланыс арналары арқылы тікелей банкке жүгіну ұсынылады. Толығырақ: https://altynbank.kz/personal/credit-restructure

Клиенттерді тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі тексерілмеген көздерден алынған хабарламаларға жауап бермеуге шақырамыз.

Бөлімге оралу