Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
  • Жеке тұлғаларға
  • Бизнеске
Altyn Bank-ке жаңа Басқарма мүшесі сайланды
07.04.2026

Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 31 наурызындағы шешіміне сәйкес, «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі лауазымына негізгі акционер China CITIC Bank Corporation Limited өкілі Юй Юшэн мырза тағайындалды. Сәуірдің 6 бастап ол қызметіне кірісті.

Бұған дейін Юй Юшэн мырза Altyn Bank-те қаржы директоры қызметін атқарған. Жаңа қызметінде ол қаржылық блокты үйлестіретін болады.

«Менің жаңа орынбасарым – банк саласында мол тәжірибесі бар, жоғары білікті жетекші. Оның тағайындалуы Altyn Bank-тің Қазақстандағы ең сенімді әрі қарқынды дамып келе жатқан банктердің бірі ретіндегі позициясын одан әрі нығайтады деп сенемін», – деді Басқарма Төрағасы Мұрат Байсынов.

Юй Юшэн мырза Солтүстік-батыс политехникалық университетін «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ Чжуншань университетінде «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 2011 жылы China CITIC Bank-тің Бухгалтерлік есеп департаментінің маманы ретінде бастаған. Қазақстандағы еншілес банкке ауысқанға дейін Қытай Халық Республикасының Гауде, Гуанчжоу қаласындағы China CITIC Bank филиалын басқарған.

Юй Юшэн мырза Қытай банктер қауымдастығының басқару мәселелері бойынша үздік лекторларының ондығына кіреді.

CITIC Group – Қытайдың ірі трансұлттық конгломераты, 1979 жылы Дэн Сяопиннің бастамасымен құрылған. Компания реформалар мен ашықтық саясатын іске асыруда маңызды рөл атқарып, шетелдік капиталды тартуға, сондай-ақ заманауи технологиялар мен басқару тәжірибелерін енгізуге ықпал етті. CITIC құрамына банктерді қоса алғанда 44 еншілес компания кіреді, компания бірқатар елдерде қызметін жүзеге асырады және Токио, Нью-Йорк пен Қазақстанда өкілдіктері бар. Негізгі қызмет бағыттары – қаржы, инвестициялар және қызметтер.

 "Altyn Bank" АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ) – корпоративтік және жекелеген клиенттерге арналған өнімдер мен қызметтердің толық спектрі бар әмбебап коммерциялық банк. Банк жеке тұлғаларға Altyn-i цифрлық банкингі арқылы қызмет көрсетеді. Ал активтер мөлшері бойынша 11-орында. Сонымен қатар қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтерге ие (Fitch – "BBB", Moody ' s – "Ваа3"). Оның: Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Ақтау, Астанадағы халықаралық қаржылық орталығымен қоса алғанда алты филиалы бар.

ҚР АРРФР лицензиясы № 1.1.114, № 3.3.254/46 23.10.2024 ж.

Бөлімге оралу