2026 жылғы мамырдағы банк жұмысы және төлемдерді өңдеу
28.04.2026
Құрметті Клиент!
«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) сізге ынтымақтастық үшін алғысын білдіреді!
Мемлекеттік мерекелерге байланысты – (Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні және Құрбан айт) 2026 жылдың 1, 7, 11, 27 мамыр демалыс күндері болып табылатынын хабарлаймыз.
Төмендегі мағлұматтарды ескеруіңізді сұраймыз:
- ақша аударымдары 30 сәуір, 6 мамыр, 8 мамыр және 26 мамыр күндері операциялық уақыттан кейін қабылданған (Астана уақытымен 17.00 ) валюталау күні қойылмаған жағдайда, барлық ақша аударымдары сәйкесінше 4 мамыр, 8 мамыр, 12 мамыр және 28 мамыр күні өңделетін болады;
- ақша аударымдары 30 сәуір, 6 мамыр, 8 мамыр және 26 мамыр күндері операциялық уақыттан кейін қабылданған валюталау күні қойылған барлық ақша аударымдары ағымдағы күні Банк тарифі бойынша қосымша комиссиямен өңделетін болады.
Операцияларыңызды жоспарлау кезінде, осы өзгерістерді ескеруіңізді сұраймыз.
Егер сіздің қандай да бір сұрақтарыңыз болса, қызмет көрсету менеджеріңізбен байланысуды ұсынамыз customerservice@altynbank.kz.
Құрметпен,
«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd АҚ)