Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайттың түсі:
Ц Ц Ц
Дауыстық көмекші
  • Жеке тұлғаларға
  • Бизнеске
Заңды тұлғалар - клиенттер үшін ақпарат
12.12.2025

Құрметті Клиент!

«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) (бұдан әрі - Банк) Сізді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды! Сізге денсаулық пен құт-береке тілейміз!

1 және 2 қаңтар 2026 ж. қоса алғанда, Қазақстан Республикасында мерекелік демалыс күндері болғанына байланысты көрсетілген мерзім ішінде Банк қызметтер көрсету үшін жабық болады.

31 желтоқсан 2025 ж. Банктің жұмыс уақыты туралы хабардар болыңыз:

  • Банктің бөлімшелерінде кассалық операциялар мен клиенттерге қызмет көрсету Астана уақыты бойынша сағат 16:00 дейін жүзеге асырылады;
  • Теңге төлем тапсырмалары мен шетел валютасындағы* аударымдар бойынша өтініштер, валюта айырбастау, мерзімдік депозиттер ашу өтініштері және басқа қағаз нұсқаулары Банктің бөлімшелері/филиалдары арқылы Астана уақыты бойынша сағат 13:00 дейін қабылданады және “Altyn to business” интернет-банкинг жүйесі арқылы сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен) қабылданады.

*экзотикалық валютадағы (AED, AUD, CNY, SEK, DKK, HKD, JPY, CAD, CHF) төлем нұсқаулары 2025 ж. 26 желтоқсанына дейін қабылданады.

*Ресей рубліндегі төлем нұсқаулары 2025 ж. 29 желтоқсанына дейін қабылданады. Сондай-ақ ресей рубліндегі төлем нұсқаулары 2026 ж. 12 қаңтарынан бастап орындауға қабылданатынын хабарлаймыз.

Сонымен қатар, Рождество мерекесіне байланысты валюталардағы төлем нұсқаулары келесі режимде жұмыс істейтінін хабарлаймыз:

* 25 желтоқсан 2025 ж. USD жұмыс істемейді.

* 30 желтоқсан 2025 ж. – 12 қаңтар 2026 ж. (қоса алғанда)  RUB жұмыс істемейді.

* 25 - 26 желтоқсан 2025 ж. (қоса алғанда) GBP, EUR, AUD, HKD, CAD, CHF жұмыс істемейді. CNY  бойынша ақша айырбастау тек стандартты бағамадар бойынша қолжетімді   болады, төлем нұсқаулықтары стандартты түрде орындалады.

* 24 - 26, 31 желтоқсан 2025 ж. SEK, DKK жұмыс істемейді.

* 31 желтоқсан 2025 ж. JPY жұмыс істемейді.

2025 ж. 30-31 желтоқсанында Банктің кассаларынан 3 000 000 теңгеден, 10 000 АҚШ долларынан, 2 000 Евродан  асатын қолма-қол ақша алу операцияларын жүзеге асыру үшін 3 (үш) жұмыс күн алдын ала тапсырыс беру тиіс екеніне назарыңызды аударамыз.

Алдын-ала тапсырыс болмаған жағдайда, Банк қолма-қол ақша беруден бас тартуға немесе қосымша комиссия ұстап қалуға құқылы.

Жылдың жабылуына байланысты, болашақ валюталау күнімен 2026 жылға көшетiн төлемдерден тартынуларыңызды сұраймыз.

Ай сайынғы комиссиялар 2025 ж. 29 желтоқсанында өтеп алынады.

Интернет-банкинг үзінділері 2025 ж. 31 желтоқсанына қалыпты жұмыс уақытында қолжетімді болады.

2026 ж. 5 қаңтардан бастап Банк қалыпты жұмыс уақытында жұмыс істейтін болады.

Жаңа жыл мерекелік күндері төлем және басқа да банктік қызметтерді кідіріссіз көрсету мақсатында жоғарыдағы ақпаратқа сәйкес компанияңыздың операциялық қызметін жоспарлауыңызды сұраймыз.

Сізге ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіріп, түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз!

Келе жатқан Жаңа жылда сәттілік тілейміз!


Ізгі ниетпенAltyn Bank

Бөлімге оралу