FONT SIZE:
A A A
THE COLOR OF THE SITE:
Ц Ц Ц
Voice Assistant
FONT SIZE:
A A A
THE COLOR OF THE SITE:
Ц Ц Ц
Voice Assistant
БЖЗҚ қаражаты есебінен ипотеканы ішінара мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі қалпына келтірілді
13.05.2026

Құрметті клиенттер!

12.05.2026 ж. бастап БЖЗҚ қаражаты есебінен ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша берешекті ішінара мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі қалпына келтірілгенін хабарлаймыз.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.03.2026 ж. №116 бұйрығы негізінде, тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, БЗТ қаражаты есебінен берешектің тек негізгі қарызы ғана өтеледі.

БЖЗҚ-дан ақша түскен күні Ипотека бойынша есептелген сыйақы сомасы және өзге де берешектер (болған жағдайда) клиенттің өз қаражаты есебінен өтелуі тиіс.

Back to section